ізденіс пен жаңа бағдарламаның тиімділігі

Өтеуова Гүлсана Бейбітқызы

Ақтөбе қаласы

№36 қазақ орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Нәтижеге бағытталған сабақ:

ізденіс пен жаңа бағдарламаның тиімділігі

Бүгінгі ғылым мен техниканың асқақтап дамыған кезінде білім алып, оқудың , оның ішінде біздің еліміздің болашағы, яғни алдымызда отырған мектеп оқушыларының білімі мен тәрбиесі күрделі мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына зор үлес қоса алатын, білімді де, білікті, жеке көзқарасы, ойы мен пікірі бар, жан – жақты дамыған оқушыны дайындап, тәрбиелеу – ұстаздық міндетіміз. Оның себебі, жан – жақты білімді ұрпақ болған кезде ғана еліміздің өркениеті алға дамиды. Әрбір ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шынайы шығармашыл көзқараспен қарап, осы бағдарлама мазмұны мен уақыт талабына сай, білім беруді түрлендіріп отыру, өзгеріс енгізу мақсатында оқытудың әр түрлі әдістерін пайдаланса, үздік нәтижеге жететініне сенімдімін. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасының зерделеу мен меңгеруге көмектесетін курсы оқытуды жақсарту үшін жаңалықтарға толы, жаңашыл түрлі іс – әрекеттерді жоспарлаған. Бағдарлама бір- бірімен тығыз байланысты жеті модульге сараланып берілген:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау4.Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Сабақ барысында осы жеті модульдің дұрыс, жүйелі ықпалдастырылуы нәтижелі болды. Сабақта берілген тапсырмаларды орындау барысында сындарлы оқыту әдіс -тәсілдерінің тиімділігі оқушылардың бойындағы мінез-құлқының өзгерістерінен көрініс тапты. Дәстүрлі оқуда оқушыларымыз тек өз-өзіне мән беретін, өзіндік пікірі шектеулі, тыныш, біркелкі әрекет ететін, өз-өзіне жауапты , мұғалімнің сөзіне, әрекетіне көп мән беретін жеке тұлға ретінде білетін болсақ, енді алдымызда отырған оқушыларды ұжымда жұмыс жасай білетін, қарым-қатынас орната алатын жақсы ұйымдастырушы, өзінің іс-әрекетіне көп мән беретін сан қырлы, ынталы, тәуелсіз, шығармашылықпен әрекет ететін, топта өзінің пайдасын тигізетін жеке тұлға ретінде қарастырамыз.

Кембридж бағдарламасы курсындағы дәріс алған мұғалімдер бұрын қандай жұмыспен айналысуды білген едік. Біз дайын түрде берілген, үлгісі бірдей жоспар құрып, біреуден бір жаңа жұмыстың түрін көрсе, сол жұмысты алып , көшіріп алуға дайын тұратынбыз. Түйгенім, бір сабақты құрған кезде бір нәрсені жан- жақты ескереді екенбіз. Тіпті ынтымақтастықты қалыптастыру үшін өткізген тренингтерімде алғашында үлгерімі төмен оқушылырым ұялып, өз ойларын ашық айта алмағанмен, уақыт өте келе өзге оқушылардың жауаптарына қарап, жауап беруге үйренді. Үздік сабақтың алты белгісімен танысқанда, мұғалім сауалнамасы ойлау қабілетін ашады, айқындай және кеңейтеді делінген. Қызығушылық білдірген және бір мақсатты көздеген оқушылар табыстарға қол жеткізеді демекші, оқушыларым қызығушылық пен елігудің «қоспасын» сезінді. Ал, осы сұрақтың үш түрін тиімді қолдану арқылы оқушының ойын сеніммен айтқызуға болады екен. Осы уақытқа дейін оқушының берген жауабының дұрыс және бұрыстығын анықтап, риза болып жүре беріппіз. Оқушыға ашық сұрақ қоя білуге дағдылындыруға тырыстым, алдағы уақытта осыны ретке келтіруге болатындығына мен сенемін.

Нәтижеге бағытталған сабақта оқушыға мұғалім бағыт – бағдар беруші, жөн сілтеуші болып, сабақты жоспарлағанда оқушының өз бетімен білім алуға жетелеуді көздейді. Білім алу барысында оқушының білімді меңгерудегі оқушының ізденіс, талдау, жинақтау қабілеттерінің артуын бақылау, қалай оқу керектігін үйрену, оқушының өзін көрсете білуіне ықпал жасау керек. Тәжірибенің нәтижелі болуына жаңа әдіс – тәсілдердің, стратегиялардың қолданылуының тиімділігі болды. Сондықтан да, бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қадірлі де, қиын да жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім

ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни оқу, сөйлеу, жағдайларды объективті түрде бақылап, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, талдау жасауға үйрету, дәлелдеуге, ойын дұрыс айтуға, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Оқушыларымның бойынан бақылаған өзгерістерімді де айта кетейін. Бірнеше оқушымның сергіту сәттерін өткізген кезде биге икемділігін байқадым, тапсырмаларды орындаған кезде басқа оқушыларға ілесіп жұмыс жасай бастады. «Интервью» әдісімен жұптық жұмыс қиынға соқты. Оқушылардың арасында сыныптасына сұрақ қоюға қысылып, менің көмек көрсетіп, «Сенің қандай сұрақтарға жауап алғың келеді?» бағыт берген соң ғана сұрақтарға жауап алған кездеріміз де болды. Бұл оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі деп білемін. Осы әдіс- тәсілдерді пайдаланған кезде баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен басталады екен. Педагогика ғылымында да еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді, себебі, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп, мұғалім ғана мақсатты түрде ықпал ете алады. Ол үшін мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың уақытын белгілеу, мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындау.

Баланың мінезін, жалпы деңгейін, ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілк қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті. Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуге ата-анаға көмекке келетін – мұғалім. Ата-аналарыммен де кездесу өткізіп, Кембридж бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, Бағдарламаға кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру , танысу барысында оқушылардың оқуды қалай өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және өз мойнына алуға көмектесуге болатын айттым. Ата- аналар да өз тарапынан қолдау көрсетіп, қызығушылық танытты.

Оқыту – кешенді үдеріс. Бұл әрекет оқудың өте күрделі және жеке үдеріс екенін көрсетеді. Бұдан түйетін ой – осы саладан бейхабар адамдарға өзгелердің қалай білім алатынын нақты білу қиын. Оқу үдерісі білім алушының жүріс-тұрысын, ойлау үдерісін, есте сақтау және қабылдауын бақылау барысында зерттелген. Соңғы уақыттағы зерттеулер жеке тұлғаны тұтастай қарастыра отырып, субъектілер өздерін оқушы ретінде қалай сезінетінін және оқу үдерісінде бір-бірімен өзара қандай қарым- қатынаста болатынын зерделеді. Мұғалім сабақта әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан – жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.

Жаңа бағдарламаны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, оқушылармен ортақ тіл таба алатын білімді, іскер, шебер болу керек;

Бағдарламаның жеті модулінің ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту болғандықтан, инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу мұғалімнің қолында. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек;

Болашақта нәтижеге бағытталған тиімді сабақтарды өткізуге төселіп, алдымызға қойылған мақсатқа жетуге ұмтыламыз.

Баяндама Отеуова Г.Б..docx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше