Қасым Аманжолов «Көкшетау»
СҚО Петропавл қаласы,
«БЭСТ» гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Кәрімова Әлия Қайыржанқызы
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Көкшетау» Мақсаты:
1. Қасым Аманжоловтың өмipiмен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастырып, ақынныңөзіндік мұратын таныту, өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашу;
2. Оқушылардың ой-өрістерін,сөйлеу мәдениеті, әдеби тіл байлығын дамыту, шығармашыльқ жұмыска дағдыландыру;
3. Қасым Аманжолов поэзиясы аркылы Отанды, туған жерді суюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, ассоциация,сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, сатылай кешенді талдау,сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, салыстыру
Көрнекілік: ақынның портреті, қанатты сөздер, автор туралы естелік (бейнефильм), плакат
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті,музыка
І. Ұйымдастыру кезеңі:
– Балалар, казір қай жыл мезгілі?
– Бүгінауа райы кандай?
– Осы шуақты күш бip-бірімізгежылы ниеткөрсетіп, сабақта сәттілік тәлейік. Ортаға шығып, бақыт, қуаныш, жылулық, жан рақатын, жақсы баға алуын, шаттык, т.б.тілектер айтылады.
ІІ. Үйтапсырмасын тексеру
Касым Аманжолов туралы алдын ала тапсырма беру арқылы дерек жинап, әңгімелеу
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе: слайд
«Акынның адал, шыншыл мінезі өзімен бipгe өлген жок, тамаша өлеңдерінде жүр»
Тахауи Ахтанов
Өкінбеген мен де бip күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам
Өзіммен бipгeөлмесінөлеңім,- деп өз өмірінөлеңмен өрген қазақтыңөр талантты ақыны, қиын кезеңде туса да,адалдық пен ақындықты тұмар етіп,батыл ойлы,шыншылды да сырлы поэзиясымен оқырман жүрегінде тереңізқалдырған Қасым Аманжоловтыңөмірімен өлеңіне тоқталамыз.
Бейнефильм кереміз.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Қасым Аманжолов – шынайы лирик ақын. Оның өлеңдері сезім мен толғанысқа, көркем сурет пен образға өте бай. Махаббат лирикасы акын шығармашылығында үлкен роль алады. «Жан сәулем», «Кімкінәлі», «Қайдасың махаббаттың періштесі?» т.б. Лирикалык қаһарман сағынышын, тәтті үмітін бейнелі сөздер арқылы жеткізе білген.
Ақынның Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған өлеңдерінде Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезіледі. «Қоштасу», «Ақын өлімітуралы аңыз» поэмасы, «Үстімде сұр шинель», «Ертіс», «Сарғайған сыр» т.б. Қайсарлық, жігерлік, ерлікке деген құштарльқ пен Отанды қорғауға деген құлшыныс аңғарылып тұр. Ақынның философиялық лирикасына «Өзім туралы» өлеңін жатқызуға болады. Бұл өлең адамның рухани жан дүниесі терең ашылады. Әсіресе, ақынның өлеңге құрметпен қарауы – оның ұлы мақсатын айқындайды.
Орыс ақыны А.Пушкиннің «Памятник» өлеңі мен Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінің үндестігі туралы пікір айту.
ІV. Сабақты пысықтау.
«Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлең құрылысына талдау жасау.
1. Авторы: Қ.Аманжолов – ақын, аудармашы, жауынгер жазушы.
2. Тақырыбы: табиғат туралы
3. Негізгі идеясы: туған жердің сұлу табиғатын сөзбен жеткізу
4. Жанры: поэзия (өлең)
5. Шумақ саны: 4 шумақты
6. Буын саны: 11-12 буынды
7. Ұйқасы: қара өлең ұйқасы (а-а-б-а)
8. Әдеби-теориялық ұғымдар:
а) эпитет: сұлу Көкше, кең дүние, көк қасқа Көкшетау, ойшыл орман, бұлбұл үні;
ә) метафора: самал жел, алтын күн сәулесі, тоқсан ауыл-тоқсан көл;
б) кейіптеу: орман бас изейді, көл жылтылдап қарар, самал жел аралайды, саяхаттап шығады
9. Түсіндірмелі сөздік: жер жаннаты – земля обветованная, сықылды – сияқты, жаратты – жасады.
10. Тәрбиелік мәні: Көкше табиғатының сұлулығы арқылы туған жерге деген, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
11. Түйіні: Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
VІ. Поэзия минуты. Өлеңдерінен үзінді оқу.
VІІ. Қорытындылау. «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы.Әр қатардан бір оқушыдан шығып, сабақтан не білді, не түсінді, не игергенін бір ауыз сөзбен білдіреді.
Қорытынды сөз: Қасым өмірді сүйген ақын. Майданда от кешкен, тұрмыс тауқыметін тартып, дертті болған ақын еш мойымайды, күйзелмейді. Сөзі де тозған жоқ, өлеңі де ескірген жоқ. Қасым өртке тиген дауылдай өлеңдерімен бірге арамызда жүр.
Алдарында жатқан қағаздардағы Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? деген сұрақтарға жауап жазып, тақтаға іліңдер.
VІІІ. Бағалау.
ІХ. Үй тапсырмасы. «Жер жаннаты-сұлу көкше» тақырыбына ауызша әдеби журнал әзірлеу.
