Ғабит Мүсірепов Боранды түнде

Ашық сабақ

БҚО , Қаратөбе ауданы ,Мұхит атындағы орта

жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі Батырова Алтын

Жақсыбайқызы

Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Боранды түнде» 7-сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың Ғ.Мүсірепов туралы білімдерін ұштастыра отырып, «Боранды түнде» әңгімесін түсіндіру ,қазақ халқының салт-дәстүрін ұғындыру.

Дамытушылық: тіл мәдениетін ,сөз байлығын,сөздік қорын молайту ,шығармашылық қабілетін арттыру,өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: СТО,сұрақ-жауап,талдау

Сабақтың көрнекілігі: портрет,интерактивті тақта,суреттер,кітаптар

Күтілетін нәтижесі:

1.Ғ.Мүсірепов туралы мәлімет алады.

2. «Боранды түнде» әңгімесімен танысады,әңгімені талдай алады.

3.Сөйлеу мәдениеті дамиды.

4.Салт-дәстүрді қастерлейді.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Қызығушылығын ояту

Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру

Ғ.Мүсірепов өмір жолы және «Ананың анасы» әңгімесін оқып келу.

Тест

1.Ғ.Мүсірепов кім?

а/ақын ә/би б/айтыскер в/жазушы

2.Ғ.Мүсірепов қай жылы дүниеге келді?

а/1802ж ә/1942ж б/1912ж в/1902ж

3.Ғ.Мүсірепов Қазақстанның қай облысында дүниеге келді?

а/Оңтүстік Қазақстан облысы ә/Солтүстік Қазақстан облысы

б/Шығыс Қазақстан облысы в/Батыс Қазақстан облысы

4.Ғабиттің әкесінің аты кім?

а/Мұхамед ә/Махат б/Махмұт в/Мұхтар

5. «Өлімді жеңген ананы» кімнен аударды?

а/Толстой ә/Горкий б/Пушкин в/Лермонтов

6.Ғ.Мүсірепов қай жылы қайтыс болды?

а/1995ж ә/1985ж б/1965ж в/1975ж

7. «Ананың анасы» әңгімесінде Бала бидің батыры кім?

а/Жанай ә/Жалпақ балуан б/Кейкі в/Әйтілес

8. «Жалпақ деген батыр көрсеңдер ,сәлем айт!»,-дейтін әйел Жалпақ балуанның кімі?

а/анасы ә/айттырған қызы б/әжесі в/құдағайы

9. «Ананың анасы» әңгімесі қалай аяқталады?

а/Анасы мен қызын еліне қайтарады. ә/Анасы қайтыс болады.

б/Анасы мен қызын тұтқындап алып келеді. в/Қызын алып қалады.

Тест жауабы

1.в 2.в 3.ә 4.б 5.ә 6.ә 7.ә 8.ә 9.а

Мағынаны тану

Ғ.Мүсірепов «Боранды түнде» әңгімесі

Оқушыларды топқа бөлу

1-топ: «Қайсар» 2-топ: «Күреңтөбел» 3-топ: «Кәмен»

Кітаппен жұмыс

1-тапсырма: Ғ.Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесіне сендер тағы қандай атау берер едіңдер?

2-тапсырма: Тақырыпты мазмұндау

3-тапсырма: Кейіпкерлерді сипаттау

1-топ 2-топ 3-топ

Қайсарға мінездеме беру Күреңтөбелді суреттеу Кәмен қандай қыз?

4-тапсырма: Қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты тапсырмаларды орындау

1-топ:

1.Сүндет той туралы не білесіңдер?

2. «Ананың анасы» және «Боранды түнде» әңгімесінің сүндет той туралы байланысы бар ма?

2-топ:

1.Қалың мал- қазіргі заманда бар ма?

2. Қайсар қалыңдығын алып қашуға неге мәжбүр болды?

3-топ:

1.Қыз алып қашу туралы естігендеріңіз бар ма?

2. «Боранды түнде» әңгімесіндегі қыз алып қашу кезіндегі күлкілі (юмор) тұстарын айтыңдар?

Ойтолғаныс

Шығармашылық жұмыс

1-топ: «Ат-адамның қанаты» шығарма жазу

2-топ: «Тұлпар» өлең шығару

3-топ: «Тұлпардың сұлуын-ай» сурет салу

Үйге тапсырма

1.Ғ.Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесін оқу

2.Жоспар құру

Өзін-өзі бағалау парағын толтыру

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше