Өткенді пысықтау. Білімдерін тексеру
Ақтөбе қаласы №31 орта мектеп
Бастауыш класс мұғалімі Күзембаева С.М.
Cабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау. Білімдерін тексеру.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері туралы алған білімдерін бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру.
Ойлау қабілеттерін, математикалық тілдерін және пәнге қызығушылығын арттыру
Өз бетімен жұмыс істеу, жинақылық қасиеттерін қалыптастырып, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақтадағы суреттер, сызбалар, қызықты математикалық ойындар, т.б.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс, көрнекілік, т.б.
Түрі: Білімді тиянақтау.
