Ғабит Мүсірепов Боранды түнде
Ашық сабақ
БҚО , Қаратөбе ауданы ,Мұхит атындағы орта
жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі Батырова Алтын
Жақсыбайқызы
Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Боранды түнде» 7-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Ғ.Мүсірепов туралы білімдерін ұштастыра отырып, «Боранды түнде» әңгімесін түсіндіру ,қазақ халқының салт-дәстүрін ұғындыру.
Дамытушылық: тіл мәдениетін ,сөз байлығын,сөздік қорын молайту ,шығармашылық қабілетін арттыру,өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
