Шаңырақ сайысы
Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Қопа орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Қожбанова Үміт Сексенқызы
Сабақтың тақырыбы Шаңырақ сайысы:
Мақсаты:Халық педагогикасын оқу-тәрбие барысында қолдану,ата-ана ,оқушы,
ұстаз ұжымын ынтымақтастыру.Ұлттық тәрбиенің мақсатын жүзеге
асыру.
Шарты: 6 кезеңнен тұрады.
І кезең. «Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер»
(Әр отбасы өздерін таныстыру,өлеңмен немесе қара сөзбен)
ІІ кезең. «Ата мұраң –асыл қазынаң»
(Салт дәстүр ,әдет-ғұрыптарға байланысты тапсырма)
ІІІ кезең.«Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер»
(Әр отбасының ата-анасына ,баласына жеке-жеке тапсырмалар беріледі.Мысалы :Анасы ою ояды,баласы бейнесөз шешеді,әкесіне қолөнерге байланысты тапсырма сұрақтар)
ІҮ кезең. «Халық тәлімі-тәрбие бастауы»
(Бала тәрбиесіне байланысты сұраұтар мен тапсырмалар)
Ү кезең. «Ұяда не көрсең,
Ұшқанда соны іледі»
(Бата түрлері ,шешен –би сөздерінен үзінді,сандар қасиетіне тоқталу)
ҮІ кезең. «Өнер »
(жүлдегерлерге дипломдар және сыйлықтар тапсырылады)
Көрнекіліктер:сандық,асықтар.тапсырма жазылған карточкалар,киіз үй ішіндегі жабдықтар,әр отбасының ұлттық тағамдары мен үстелдер,киімдер т.б
Интерактивті тақтада : «Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер»
«Ата мұраң –асыл қазынаң»
«Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер»
«Халық тәлімі-тәрбие бастауы»
(Сахнада « Сарыарқа» күйі орындалады.)
Сайыстың барысы:
І –жүргізуші: Балалар ,амансың ба ,шырақтарым.
Майысып көлге біткен құрақтарым.
Жүрмесем есендесіп,жүре алмаймын
Ішіне асып кетсе бір аптаның,- деп өздеріңізді жанындай жақсы көрген көптеген өлең ,жыр арнаған ақын атаның кім екенін білесіңдер ме?
– Ол –халық поэзиясының алыбы атанған, есімі дүние жүзі халықтарына мәлім болған Жамбыл атамыз.
Сол атамыздың мерей тойын бүкіл әлем болып тойлап өттік.Біз де бүгінгі күні осы отырған қауым атамыздың рухына , аруағына бас иеміз.
І жүргізуші: Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның
Алып келді осы күн.
Қадірменді қонақтар, ата-аналар,ұстаздар «Шаңырақ сыны»сайысын бастауға рұхсат етіңіздер.Ортаға отбасылары шақырылады.Әр отбасы өз орындарына барып жайғасып отырғаннан кейін ,әділ-қазылар алқасын таныстыру басталады.Содан кейін осы сайыстың басталу салтанатына қарт әжелер тілегін айтып,батасын беріп,шашу шашылады.
-Шашу шашылып жатқанда әдемі бір әуен ойналады. Әуеннің ырғағымен жүргізуші тойдың ашылуына байланысты жыр жолдарын оқиды.
ІІ жүргізуші: Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды.
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Қаламызда бүгін болар сайыстың
Сөзге жүйрік, жыршы бетін ашады.
(Домбырамен жыр немесе арнау орындалады)
Арнау және жырорындалып болғаннан кейін жүргізушілер әр кезеңмен таныстырып өтеді.
І жүргізуші. І кезең «Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер»
(Әр отбасы өздерін таныстыру,өлеңмен немесе қара сөзбен)
Музыкалық үзіліс.
ІІ жүргізуші. ІІ кезең «Ата мұраң –асыл қазынаң»
Ұлттық киімдердегі екі қыз бала табақша мен сандық және конвертті алып шығады.Әр отбасынан балалар ортаға шақырылады.Сандық ішіндегі нөмірленген асықтарды алу арқылы тапсырмаларын анықтайды.Тапсырмадағы сұрақтарға ,отбасы ақылдасып бірігіп жауап береді.
№1 «Байғазы»және «Көрімдік» салт-дәстүрлерінің мазмұнын түсіндіріңіз,айырмашылығы неде?
«Байғазы»-балалардың,жастардың жаңа киімі үшін (Мысалы:қамшы,шана,ер-тоқым т.б)берілетін ақшалай ,заттай сыйлық.
«Көрімдік»-жаңа туған балаға ,жас келінге,құдасына,күйеуге береді.Мұның маңызыалып беруде ғана емес,жақын –жуықтардың адамгершілігін,ниетін,ашық қолдылығын танытудың белгісі ретінде қаралады.Айырмашылығы «көрімдік» адамға,жандыға беріледі,байғазы көбінесе жансыз дүниеге байланысты.
№2 «Бастаңғы»және «қызойнақ »салтының мағынасын түсіндіріңіз және атап беріңіз.
«бастаңғы» -үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып,жолаушылардың жолда басы ауырмасын «бастаңғы»жаса дейді.Бастаңғының мәнісі-жастардың сол үйде ойын –сауық жасап бас қосуы.
«Қызойнақ»-әке –шешелері жоқ кезінде бойжеткен қыздар оңаша қалып,ойын-сауық ұйымдастырады. Оған жасырын түрде жігіттер де қатысады.Бұл мәжіліс құпия және оның ұйымдастырушылар тек қыздар болғандықтан «қызойнақ» деп аталады.
«Қызойнақ» көп ұйымдастырылмайды, ата-аналар қыздарыныңқатысуына қатаң тыйым салған.Оның мақсаты –қыздар жеңілтектіктен немесе ұят басып қалуынан сақтандырудан шыққан.
Айырмашылығы «Бастаңғы»–жастардың ұйымдастыруымен ашық болады. «Қызойнақ»-қыздар ұйымдастырады,бірақ құпия түрде өтеді.
№3 «Жасау» және «Енші» салттарының мағынасын түсіндіріңіз,айырмашылығын атаңыз…
«Жасау»-ұзатылған қызға берілетін дүние –мүлік «Жасау» деп аталады.Халық қыздың жасауына жақсы бұйым ,кілем,ыдыс-аяқ,төсек-орын,киім-кешек,әсем әшекей заттар берген.Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан.Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
«Енші»-балалары ержетіп жеке үй болғанда ата-ансы оған отау тігіп,дүние –мүлік «жасау» деп аталады,ал балаларын жеке үй қылып шығарса оны «енші»деп атайды.
№4 «Ит көйлек»және «қырқынан шығару» ғұрып-салттарының мағынасын ажыратыңыз.
«Ит көйлек»-ырымшыл халқымыз баланы (туғанына қырық күн) «қырқынан»шығарылғаннан кейін , оның көйлегіне тәтті үйіп,иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр болған.Итті балалар қуып жетіп,мойнындағы иткөйлекті шешіп алып, тәттісін бөліп жейді.Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады немесе адамдар алыс жолға шыққанда жол амандығын тілеу барысында апаттың болмауын ырым етіп бойларында сақтаған.
Иткөйлектің шығуы ит мойнына байлағандығында ғана емес,оны жеті қазынаның бірі деп, әрі баланың көп болсын деген ырыммен астасып жатыр.
Қырқынан шығару- әдетте баланың туғанына 40 күн толған соң баланы ыдысқа ,қырық
бір қасық су құйып шомылдырады.Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер
қатысады,кәде беріледі.Дастарқан жайылады.Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің
өзінің киіміне,матаға орап тігіп қояды.
Айырмашылығы Қырқынан деген баланы туғаннан 40 күн толған соң суға шомылдырады, тырнағын ,шашын алады,соны айтады. «Қырқы»-қайтыс болған адамның40 күннен кей ін қырқы беріледі. Мұны шатастыруға болмайды.
№5 «Тәбәрік »және «Ерулік» ғұрып –салттарының мағынасын түсіндіріңіз.
«Тәбәрік»-ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе,қоныстанса сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік»деп ас пісіріп,табақ тартады.Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың ,сыйласудың үлкен белгісі.
«Тәбәрік»-біреу ойын-тойда бәйге ,жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрге кәде алса,одан жанындағыларға үлес беруі керек.Мұндайда жұрт одан тәбәрік беруге міндетті,бермесе сараңдық ,дәстүр сыйламағандық болып есептеледі.
Музыкалық үзіліс.
ІІІ кезең «Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер»
Әкесі домбыраға тиек,анасы көрпешеге ою ойып тігеді.Балалары:ер бала әкесіне ,қыз бала шешесіне көмектеседі немесе бірігіп алдын-ала қағазға дайындалып таратылған бейнесөзді шешеді.
Музыкалық үзіліс.
І жүргізуші : ІҮ кезең . «Халық тәлімі-тәрбие бастауы»
Абзал тәлімгеріміз А.Байтұрсынов «ырым етсең ,адал ет, жамандықтан аман ет деп тегін айтпаған ғой»
Күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған халқымыздың кейбір тәрбиесін тыйым мен ырым сөздерін алып қарасаң,көтерген мәселесі бала жанына ,зердесіне ізгілік,инабаттылық дәнін себу.
Үйде әдет-ғұрып туралы қандай тәрбие бересіздер?
№5 а)Жатқанда аяғыңды басыңнан биік көтерме!
ә)Тізеңді құшақтама ! тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Жауабы:Бұл сөз басыңды қорлау,өйткені « дос басқа қарайды,дұшпан аяққа қарайды» деген мақал бекер айтылмаса керек.
ә) тізе құшақтау жаман ырым болып саналған,жалғыз қалудың белгісі.т.б
ұлтымыздың тілін ,дінін мүлде жойып ала жаздадық.Не себепті деп ойладың?
Үкезең. «Ұяда не көрсе ,
Ұшқанда соны ілесің»
Әр отбасының балалары ортаға шақырылып, асықтар алып әр сандар қасиетіне байланысты тапсырмаларын анықтайды .
Жалпы отбасына бірдей тапсырма : шешен-би сөздерінен үзінді, бата түрлері, сандар қасиетіне тапсырма және жауаптар :
а) 5 қаруды атаңыз.
(мылтық,садақ ,найза,қылыш,айбалта)
ә) 7 жетімге не жатады?
1)Тыңдаусыз қалған сөз жетім.
2)Киюсіз қалған бөз жетім.
3) Иесіз қалған жер жетім.
4)Басшысы жоқ ел жетім.
5)Аққу-қазсыз көл жетім.
6)Елінен айырылған ер жетім.
7)Замандасы қалмаса бәрінен де сол жетім.
б)3 арсызды,3 жамандықты атап беріңіз.
1)ұйқы арсыз 1)нақақ қан төгу
2)тамақ арсыз 2)кісі малын нақақ алу
3)күлкі арсыз 3)ата-бабадан қалған жұртты бұзу
в)Ұлтымыз қандай сандарды киелі деп есептейді?Неліктен?
3;5,7,9,12,30,40 т.б
г) Жеті атаңды атап берсеңіз?
Музыкалық үзіліс
ҮІ «Өнер»кезеңі
Тақырыпқа байланысты әр отбасы ән,би,мәнерлеп өлең оқиды.
Ойын: «Ханталапай», «Арқан тарту»т.б
Қазылар алқасының қорытындысын тыңдау.
Жүлдегерлерді анықтау, марапаттау.
