Жай сөйлем

Сапарова Венера Базарғалиқызы

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жалпы білім беретін Д.Нұрпейісова атындағы орта мектептің жоғарғы санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Мақсаты Оқушылардың жай сөйлем туралы түсінігін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже Жай сөйлемнің анықтамасын біледі. Жай сөйлемді құрмалас сөйлемнен ажырата біледі. Жай сөйлемнің түрлерін нақты мысалдар арқылы ажыратып, тлдік қолданысымызда пайдалана алады.
Түрі Жаңа білімді меңгерту
Әдісі Топтық жұмыс. Блум таксономиясы бойынша жұмыстар. Тренингтер
Сергіту сәті Сәлемдесу . Жылы сөздерімен бір-біріне тілек айту
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау «Жылы орындық әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау. Сұрақ өлшемін жай сұрақтан күрделі сұраққа дейін жеткізу.
Жаңа сабақты меңгерту Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
10 минут Мұғалім жаңа сабақты түсіндірмес бұрын өткен сабақтардан есте қалғандарды «Миға шабуыл»әдісі бойынша еске түсіру керек.

Ол үшін сұрақтар алып келуіміз керек

Мұғалім жай сөйлем түрлерін түрлі мысалдар арқылы түсіндіреді

Оқушылар сұрақтар арқылы жауап береді. Жалпы жай-құрмалас, жалаң-жайылма, толымды-толымсыз, жақты –жақсыз, атаулы деген сөздің мағынасын ашуымыз керек.
Ұйымдасқан жұмыс түрлері.

Аз топтардағы жұмыс.

Үштік топтар.

20-минут

1-жұп.

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемге мысал келтіреді.

2-жұп.

Жалаң-жайылма сөйлемге сұрақ дайындап келесі жұпқа қояды

3-жұп.

Толымды –толымсыз сөйлемге диалог құрастырады

4-жұп.

Жақты –жақсыз сөйлемге тест құрастырады

5-жұп.

Атаулы сөйлемді қатыстырып ,сөйлем құрайды.

Әр топтың оқушылары өздеріне берілген тапсырмаларды орындап , әуелі өз топтарында бр-бірін толықтырып, қателерін түзейді, содан-соң біреуі шығып, келесі топқа барып таныстырады.
Дәптермен жұмыс Жақсыз сөйлемнің баяндауыштарының жасалу жолдарын жазып алу

1.-қы,-ғы,-кі,-гі жұршақтары қалау райлы ет.болады

2.Барыс септікті жалғаулы тұйық ет-тн соң,бол, жара, тура, кел деген көмекші ет-дің жасалу жолдары арқ.

3іАтау,барыс септік тұлғалы тұйық ет-тен соң,керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жұмсалады.

4.,ып,-іп,-п жұрнақт. Кейін бол көмекші ет-тің болымсыз тұлғада келуі.

5.Идиомалар арқылы.

Кейінгі тапсырмалар

10 минут

1.Жұптар бір-бірінің тапсырмаларымен алмасады да, әр тптың тапсырмасына жауап береді, бағаны тапсырма беруші топтар өздері қояды.
2.Беркіту тапсырмаларын оқушылар өздері дайындайды.

Үй тапсырмасы

Ережені жаттау.

Тест құрастыру

Мәтіннен не әдебиет пәнінен жай сөйлем түрлерін табу.

74, 75, 76-жаттығуларды орындау

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше