Күлмеңіздер кәріге. М.Дулатов. Жұлдыздар удмурт халық ертегісі

Ақмола облысы Бурабай ауданы
Оқжетпес орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Имаканова Кульмайра Кошановна

Сабақтың тақырыбы: Күлмеңіздер кәріге. М.Дулатов. Жұлдыздар удмурт халық ертегісі. 2 – сынып

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды қазақтың классик ақыны М.Дулатов өмірімен толығырақ таныстырып, мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.

2.Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге, ізденуге, шығармашылық ойлануына ықпал ету.

3. Әңгіме арқылы балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, әрқашан ұқыпты, алғыр, зерек болуға баулу.

Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақтар қою, венн диаграммасы, «Т» кестесі, топпен жұмыс істеу әдістері.

Көрнекіліктер: М. Дулатов суреті, қосымша әр түрлі кітаптар, сюжетті сурет, ватман қағаз, суреттер т.б. заттар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру. Жаман жолдас әңгімесін хресстоматиядан оқып, мазмұны бойынша сурет салу.

Психологиялық ахуал

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

І.Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту.

Кәрілік сөзіне ой шақыру

Жеке жұпта топта. Ойларын ортаға салады.

Мақалдың жалғасын тауып, мағынасын ашып, дәптерге жазу.

Жас кезімде бейнет бер,

Қартайғанда зейнет бер.

Кәріге құрмет — балаға міндет.

Кәрі — кәрінің сөзі дәрі.

ІІ. Мағынаны тану

Балалар бүгін М.Дулатовтың «Күлмеңіздер кәріге» әңгімесімен танысамыз. Ақынның өмірбаянымен қысқаша таныстыру.

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы. Қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты “Қызбел” ауылында туып өскен. Әкесі шебер адам, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді

Алыстан Алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ –

Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!- деп жырлаған патриот ақын.

Оқулықпен жұмыс. Әңгімені оқушыларға оқып беру. Оқушыларға оқыту.

Сөздік жұмысы:

Келемеж қылу – мазақ қылу.

Сұрақ жауап арқылы әңгіменің негізгі идеясын ашу.

– Балалар кімге күлді?

– Әкесі не деп ескертті?

– Әкенің қандай сөзі балаларға батты, яғни күлулерін қойды.

– Өмірде осындай балалар бар ма, болса сен оларға не дер едіңдер?

Сергіту сәті:

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Жұлдыздар удмурт халық ертегісімен таныс боламыз.

Оқушылардың ертегіні жұппен оқиды, топта рөлге бөліп оқиды.

· Сөздік жұмысы: тұл жетім- ата-анасы, ешкімі жоқ.

Ымырт үйірілу – кеш бату.

Ертегі мазмұнына байланысты сұрақтар.

-Қыздың жасы нешеде?, көнетоз деген сөз нені білдіреді?

– Қыздың тұрмысы қандай?

– тұл жетім деген мағына нені білдіреді?

– Осы ертегіден алған сезімдерің?

– Ертегі басында сезім аянышты сосын оған нан бергенде көңіл көтеріледі, ол қарияға бергенде ашығып қалама деп көңіл түседі. Сосын оған алтын теңгелер жауғанда көңілім қайта көтерілді.

«Т» кестесі

Қыздың әрекеті ерлік пе?

Келісемін Дәлелдері
Келіспеймін Дәлелдері

Баспа дәптермен жұмыс:

ІІІ. Ой толғау.

Венн диаграммасы арқылы екі шығарманы салыстыру.

Күлмеңіздер кәріге жұлдыздар

Бала, қария қыз

Кәрі жас

Күледі көмек береді

Баршылық жоқшылық

Әке қайырымды жан

Мазағын қояды молшылыққа кенеледі

Сюжетті сурет бойынша әңгіме жүргізу «Бақытты балалық».

Сабақты қорыту: М. Дулатов кім?

Әңгіме мен ертегіде не ұнады?

Сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңдар?

Не білгілерің келеді?

Үйге тапсырма: Адамгершілік тақырыбына мақалды жаттау.

105-106 бет оқу мазмұндау. Жақсылыққа жақсылық эссе жазу.

Бағалау.

Тақырыбы: Кітап – сарқылмас қазына.

Сабақтың мақсаты:

1.Көркем әдебиетке деген ынталарын арттыру.

2. Кітап оқуға деген сүйіспеншілігін дамыту;

3. Кітапты күтіп, оны таза ұқыпты ұстауға баулу.

Қанатты сөздер:

«Оқу – білім қазығы, адамдықтың азығы оқу өмірдің сәні, тіршіліктің шамы.

С. Сейфуллин.

«Кітап аяулы досы бола бастаған былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады». М. Әуезов.

«Кітап- өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес».

С. Қожамқұлов.

Мұғалім:

– Кітап қайда басылып шығады?

– Кітапты баспадан шығару үшін алдымен не қажет?

– Кітапты кімдер беттеп, түптейді?

1-оқушы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдардың еңбегі қажет.

2-оқушы: Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп, дұрыс оқу керек.

Мұғалім: Кітаптың қажеттілігі, оны күтіп ұстаудың дұрыстығы туралы оқушылар өлең оқиды.

Карина :

Білім алар көп адам,

Жақсы нәрсе жоқ одан.

Қызыға кеп оқимын,

Кітап көрсем жаңадан

Кітап маған ұнады,

Кітап-білім бұлағы.

Бексұлтан:

Достарға толы маңайым,

Татулық тәтті бәрінен.

Ерекше сені санаймын,

Құшақтап жүрмін әлі мен.

Айдос

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

Айша:

Әдемілеп берсем деп

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп.

Қанша уақыт отырды.

Фарида

Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде

Айлап тыным көрмеді.

Алиана:

Оқулықты мектебің,

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау сен бірақ.

Қаншама еңбек кеткенін.

Арман

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет.

Дақ түсірмей бір бетке.

Аружан:

Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

Фарида

Ұсынған қойнынан,

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің.

Бұл не? (кітап)

Мұғалім:

– Қазақбалаларынаарнаптұңғыш«Әліппе»жазғанкім?

– “Кел, балалар оқылық” өлеңінің авторы?

– Елбасы Н.Назарбаев неше кітап жазған?

Балалар ортаға кітапты шақырамыз.

Аделина:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

Көп әңгімем өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен де оны жақсы көремін.

Мұғалім: Кітап – араб сөзі, “жазба”, түрікше: “дәптер”, ”мерзімді баспасөз басылымы” Ежелгі заманда жазуға тас пайдаланылған. Сол заманның суретшілерінің суреттері алғаш тас бетіне жазылған. Заңдар, патша есімдері, естеліктер, тасқа жазылған. Ерте заманда Түрік халықтары тас бетіне сына жазуды қолданды.Ежелгі Египетте жазу құралы ретінде ағаш тәрізді су өсімдігі папирусты пайдаланды. Кітап “Папирус” деп аталып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды. Кіші Азияда Пергам патшалығының шеберлері жануарлар терісінен жазатын жаңа материал әзірледі. Патшалықтың атымен “Пергамент” деп аталды. Жарғақ теріге жазылған кітаптар дүниеге келді. Б.З 2 ғасырда тұңғыш рет Қытай елінде қағаз жасалынды. Оны Цай Лунь ойлап тапты. Бұл ең арзан материал болып саналды. 800 жыл бойы Қытай халқы қағаз шығаруды құпия сақтады. Алтын кітапты американдық геологтар Шри- Ланкадан тапқан. Оның беттері таза алтыннан жасалынған. Кітапта ежелгі үнді поэмасы қашап жазылған. Қағазды ағаштан жасайды. Бірақ ағашты ақ қағазға айналдыру үшін адамзат көп тер төгеді. Кітап біздің досымыз. Оны жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрикада ол ағашты қағаз қылып шығарады. Оқулыққа әңгіме, ертегі, өлеңдер жазып, суреттер салып кітап етіп шығарады.

Кітап құрылымымен таныстыру.

Қожанасыр өзінің тапсырмасын береді. Тапсырмада ұлы адамдардың пікірлері жазылған карточкаларды таратып береді. Оқушылар мағынасын ашады.

· Білім біздің шамшырағымыз, кітап біздің ұстазымыз.

· Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал.

· Өмірде ең жақсы кеңесші – кітап.

· Кітап үй – жансыз дене.

· Кітап асып –таспайтын адал досымыз.

· Кітап ғажап дос.

· Кітап – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді, сезіммен санаңды нұрландырады, көркейтеді.

Көрініс.

Оқушы: Ақыл ойдың иесі, бар ғылымның жүйесі. Қуанышты көңілдің, баспалдағы өмірді, жан азығым серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап: Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін, көптің тауып керегін, кезінде тауып беремін, бірақ білмес нарқымды, байқап жүрмін әркімді.

Оқушы: Әсерлемей асырмай айтып берші жасырмай. Жан азығым серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап: Кейбіреулер ерігіп бос жүруден зерігіп бетімді менің ашады, әңгімеге басады, жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады. Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді, көп жерімді жазады, қайшыменен қияды. Налымайын неге мен бұл секілді пендеге.

Оқушы: Сені сүймес адам аз,

Ақылды көп надан аз.

Ондайлардан түңілме

Сені сыйлар түбінде.

Мұғалім:

– Балалар, кітапты қалай ұстау керек?

– Кітапты ренжітуге бола ма?

– Сендер кітапты қалай ұстайсыңдар?

– Қандай кітап оқисыңдар?

– Қазір қаңдай кітап түрлері бар?

Жұмбақ жасыру.

Кітап:

Оқы талмай, түй санаңа жас балғын,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін санаңа.

Мұғалім:: Кітапты көп оқысаң озарсың, оқымасаң тозарсың. Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы дегендей көп оқысаң көп білесің, арманыңа жетесін. Кітапханаға жаңадан келген көркем әдебиеттермен таныстыру.

Кітапты оқу ережесімен таныстыру.

Кітап сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

Ән: «Біз бақытты баламыз»

Мұғалім: Кітап – адам өмірінде аса маңызды. Елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке, баулиды. Кітап – жаман әдеттен аулақ болуға үйретеді. Кітап көп оқысаңдар білімді азамат болып өсесіңдер.

Имаканова Кульмайра Кошановна Ақмола облысы Бурабай ауданы Оқжетпес орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың такырыбы: Көбейту кестесін қайталау.

Сабақтың мақсаты : а) Кестелік көбейту және кестелік бөлу жөніндегі

білімдерін, амал компоненттерінің бірі өзгерген де көбейтіндінің де өзгеретіні жайлы білімдерін

тиянақтау.

ә) Шапшаң есептеуге төселдіру, кері есеп құруды,

теңдеу құра білуді жетілдіру, логикалық

ойлауын, дүниетанымын дамыту.

б) Оқушылардың бойында адамгершілік қасиет-

терін тәрбиелеу. Жан сұлулығының маңызын

аңғарту.

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ

Әдіс-тәсілдері: дифференсация, сұрақ жауап, қайталау,

көрнекілік,ойын.

Пәнаралық байланыс: ана тілі (мақал-мәтелдер), дүниетану, музыка.

Көрнекілігі: Шрек,Фиона суреті, карточка, перфокарта, ойын, ұялы телефон,

мақал,ребус.

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

-сабақ мақсатын айту

-Біз бүгін сабақта көбейту кестесі бойынша әр түрлі жаттығулар орындаймыз.

-Ой, балалар SMS хабар келіпті. Кімнен екенін білу үшін сұрақтарға жауап берейік.

1) Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін ата

2) Белгісіз көбейткішті қалай табамыз?

3) Көбейткіштердің бірі өзгергенде көбейтінді өзгере ме?

4) Белгісіз бөлінгішті қалай табамыз?

5) Белгісіз бөлгішті қалай табамыз?

6) Көбейтудің дербес жағдайларын ата?

7) Бөлудің дербес жағдайларын ата?

-Балалар бұл қандай кейіпкер?

SMS хабарламаны оқу үшін «Ойлан,тап» ойынын ойнайық.

Хабарлама: «Балалар маған сиқырлы сусынды табуға көмектесіңдерші».

Көмектесеміз бе? Қиындықты тек қана өз білімдерімізбен жеңе аламыз.Ол үшін мультфилимдер әлеміне аттанайық.

Жаңалық: Балалар, тұңғыш мультфилмді Француз суретшісі Э.Коль,1908 ж.

Шығарған екен.-Қазақ мультфилмдерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаров.

-Ұшақ кілеммен ұшып барамыз.Ол төртбұрыш тәріздес. P,S табайық.Ұзындығы 3 м.Ені 2м.

Р-дегеніміз не? Аудан дегеніміз не? Формуласын жазу, есептеу.

-Келіпте қалдық. Балалар, Фиона орманда адасып қалыпты, жолды бірге іздейік.

Оқулықпен жұмыс: 38 бет,№3 (кесте-карточка)

–есеп не туралы, -есепте нені сұрайды?

Кері есеп құрастыру.(1 есепті тақтаға шығару)

Математикалық диктант: Мінеки балалар,Феяның фабрикасына да келіп қалдық.Көру үшін мына тапсырманы орындаймыз.

4–ті 2 есе арттыр,6-ны 3-есе кеміт,2-ні 2-есе арттыр, 15-ті 3-есе кеміт, 10-ды 5-есе кеміт, 12-мен 4-тің бөліндісін тап.

Балалар, сусын құлыпта тұр.Оған мына кілттің біреуі келеді.Керек кілті табу үшін мына фигураларда неше үшбұрыш бар екенін табайық.(9 үшбұрыш бар)

Релаксация: жаңбыр көрсету

Сусынның сиқыры әсер ету үшін біз тапсырмалар орындауымыз керек.

Перфокартамен жұмыс: баған түрінде +,-.

Қызықты шаршы: тігінен, көлденеңінен 18 шығу керек.

8 6
1 10
11

Сиқырлы сусынның көмегі тиді.(әдемі Фионаны көрсету)

Шрек пен Фионаны ашуланған Феядан құтқарайық.

Өз бетінше жұмыс. Дәптермен жұмыс. №7, 39-бет.

Сергіту сәті:

Шаң боп үстім

Суға түстім

Сүңгіп алдым

Сергіп қалдым.

«Есептегіш» ойыны. (уақытқа).

–Құтқардық балалар.Мына ребусты шешсек Шректің айтқан сөзін оқи аламыз.(Рақмет)

Қорыту:Балалар мультфильмде Шрек пен Фиона сұлу кейпінде қала ма? Бұл өмірде ең маңыздысы келбет сұлулығы емес, жан сұлулығы.

Ендеше біз де, әр адамның бойындағы жақсылықты көре білейік, ішкі сұлулықты сезіне білейік.

– Кейін қайтарда ойын ойнайық. «Әрі ойна,әрі ойла».

БІ ЛЕК ТІ БІР ДІ ЖЫ ҒА ДЫ

БІ ЛІМ ДІ МЫҢ ДЫ ЖЫ ҒА ДЫ

5 3 3 7 4 2 6 8

-Жарайсыңдар,біз өз білімізбен,бірге жеңіске жеттік.

-Бірлік туралы мақал білеміз бе?

«Бес саусақтық» әдіс. Музыка.

1.Мен бүгін не білдім?

2.Мен бүгін не істедім?

3.Менің көңілім.

4.Мен көмектестім.

5.Мен өзімді қалай сезінемін?

Бағалау: Оқушыларды мадақтау, бағалау.

Үйге тапсырма: 38-бет, №4.

–

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше