Солтүстік Америка материгі

Асқарова Азат Ахметжанқызы

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы

М.Әуезов атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгі.

( қорытындылап, жинақтау)

Мақсаты: Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау.Қосымша деректер көздерін пайдалану арқылы білімін тереңдету.Оқушы білімін тексерудің әртүрлі әдістері арқылы тақырыпты меңгеру дәрежесін анықтау.

Ойын жүйелей білуге, уақытты үнемдеуге, білгенін өмірде пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытынды.

Оқыту әрекеті: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, компьютермен жұмыс,

тест,картамен жұмыс, алдын ала берілген тапсырманы тыңдау

Құрал-жабдықтар. Атлас картасы, дүние жүзінің физикалық картасы, саяси карта,компьютер,слайдтар, бағалау парағы.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жауап парақтарын тарату (әр оқушыға беріліп,алған бағаларын қояды, мұғалім жинап алып, қорытынды бағасын қояды), жұмыс мазмұнымен таныстыру.

Оқушының аты-жөні Географиялық диктант Тест Сәйкестігін тап Қорытынды


ІІ. Негізгі бөлім

1. Географиялық диктант

(Экранда кескін карта, онда цифрлармен географиялық объектілер белгіленген, аттарын дәптерге жазу)

Болған соң экранда (слайдта) дұрыс жауабы көрсетіледі, оқушы өзі неше қате жібергенін санайды. Бұдан кейін экранда бағалау көрсетіледі, бағалау парағына өз бағасын қояды.

2. Компьютермен жұмыс.( тест алдын ала әр компьютерде орнатылған, нәтижесін компьютер өзі бағалайды ). Мысалы:

3. Сәйкестік тесті.

Оқушылар алдына 1 және 2 вариантқа тапсырма таратылады, жауабын дәптерге жазады.

І вариант ІІ вариант

  1. Ниагара
  1. Халық
  1. Эскимос
  1. Бұғаз
  1. Лабрадор
  1. Табиғат зонасы
  1. Беринг
  1. Сарқырама
  1. Койот
  1. Түбек
  1. Тундра
  1. Қасқыр
  1. Гурон
  1. Астана
  1. Вашингтон
  1. Дала
  1. Прерий
  1. Қала
  1. Нью-иорк
  1. Көл
  1. Эри
  1. Арал
  1. Гаваий
  1. Тау шыңы
  1. Флорида
  1. Табиғат зонасы
  1. Мак-Кинли
  1. Өзен
  1. Гризли
  1. Астана
  1. Тайга
  1. Қала
  1. Маккензи
  1. Аю
  1. Оттава
  1. Көл
  1. Торнадо
  1. Түбек
  1. Детройт
  1. Жел

Болған соң экранда (слайдтарда) дұрыс жауабы және бағалау көрсетіледі. Параққа өз бағасын қояды.

4. 4-5 оқушынының саяхат жоспарын тыңдау.( Мен турист болсам)

5. Презентация. Бір сәт материк кереметтеріне көз жүгіртейік (слайд, комментариймен). Мысалы:

6. Бекіту:

– Материктің экваторға, бастапқы меридианға қатысты орны.

– Қоршап жатқан мұхиттар.

– Ең жақын материктер.

– Климаттық белдеулері.

– Қандай елдер орналасқан, картадан көрсету.

– Неліктен Кордильер тауы батысында?

– Т.с.с. сұрақтар

(Картаны пайдалана отырып, жауап береді)

ІІІ. Қорытындылау. Бағалау.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Слайдтағы суреттер мен мәліметтер интернеттен. Yandex іздеу жүйесі.

2. Pochemuchek.net, doclist.ru, vseslova.ru сайттары

3. 11 сыныпқа арналған география хрестоматиясы. Мектеп баспасы,2007 ж

4. Материктер мен мұхиттар географиясы. 7 сынып. Ә.Бейсенова. Атамұра, 2007ж

5. География және табиғат ғылыми-педагогикалық журналы. №5, 2009ж, 50 бет. №3 2009ж, 34 бет. №3, 2008ж, 56 бет. №2,2004 ж, 46 бет.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше