Жазғытұрым

”

Атырау қаласы №5 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Куспанова Жанар Махметовна

Сабақтың тақырыбы: Жазғытұрым

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділігі: Өлеңнің негізгі ойын ашу, мазмұнын толық меңгерту, Ільяс Жансүгіров туралы түсініктерін кеңейту.

2) Дамытушылығы: Таңымдылық белсенділігің арттырып, ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру.

3) Тәрбиелілігі: Оқушыларды табиғатты қорғау, күтуге тәрбиелеу, қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы өз елін, табиғатын сүйе білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Ақындардың суреттері, көктем мезгілінің суреттері, интерактивті тақта.

Сабақтың әдістері: Сұрақ- жауап, түсіндіру, оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Ана тілі туралы өлең оқу.

Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді жатқа сұрау.

Үй тапсырмасын сөзжұмбақ арқылы қорыту, осы сөз жұмбақтын ортасынан Жазғытұрым сөзін шығарту.

  1. Қоянның төлі.
  2. Көктемде нелер бүршік жарады?
  3. Көктемнен кейін келетін жыл мезгілі.
  4. Құйрығы айыр құс.
  5. Орман емшісі.
  6. Дәм сезу мүшесі.
  7. Жылқының төлі.
  8. Көктем айының.
  9. Еңбек қор жәндік.
  10. Иіс сезу мүшесі.

ІІ.Жаңа сабақ:

Өлеңнің авторы туралы мәлемет беру.

Өлеңнің мазмұнын түсіндіру, өлеңді мәнерлеп оқып шығу.

Оқулықпен жұмыс: Оқушыларға іштей оқыту, 2-3 оқушыға дауыстап оқыту.

Әр қатарға шығармашылық тапсырма беру:

Бірінші қатар: Жазғытұрым мезгілдің жеке көрністерін логикалық ойлау сызбасы арқылы көрсету:

Табиғаттың сипаты

Жануарлардың әрекеті

Ауыл адамдарының тіршілігі

Өсімдіктердің күйі

Екінші қатар: Қатесін тап: Жыл мезгілдерін сәйкестендіру

Қыста- жапырақтар түседі

Күзде- өсімдіктер көктеп шығады

Көктемде- өсімдіктер пісіп жетіледі

Жазда- өсімдіктің өсу мерзімі тоқтайды

Үшінші қатар: Жазғытұрым сөзінен жаңа сөздер шығару, мысалы:

Жаз, жазғы, аз, тұр, т.б.

Осы жұмыстың үлгілерін тақтадан көрсету.

Құстардың, жауын- шашынның, бұлақтың ағуын, т.б.

Көктемнің белгілерін үн таспадан тындау.

Бұл қай кезде болады?

Көктем мезгіліне байланысты жауаптар алу.

Ільяс Жансүгіровтың өмірі мен шығармаларын айту.

Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауынан үзінді келтіру

ІІІ. Сабақты қорту:

Жазғытұрым:

Малдар төлдейді

Күн мен түн теңеледі

Қар ериді

Құстар оралады

Күн жылынады

Өлеңді хормен оқу:

Шөліркемей гүл тұрсын,

Жерім жайнап құлпырсын

Нұрын сыйлап біздерге

Көкте мәңгі күн тұрсын.

Сұрақ- жауап:

1) Қай жыл мезгілі туралы оқыдық?

2) Өлеңдегі негізгі түйін ой.

Бағалау

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, көктем мезгіліне байланысты эссе жазу.

К этому письму приложены ссылки на следующие файлы, загруженные на Файлы@mail.ru:

1. anatili.pptx (25.9 Мб)

Ссылка для скачивания файлов: http://files.mail.ru/8B541F0D850F4DAF8118E8FB3DE87A01

Файлы будут храниться до 19.09.2014

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше