Құстардың алуан түрлілігі
Атырау қаласы, №5 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Куспанова Жанар Махметовна
Дүниетану пәні.
Сабақтың тақырыбы: “Құстардың алуан түрлілігі”
Мақсаты:
1) Оқушылардың құстар олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту, Қазақстанды мекендейтін құстар жайында мәлімет беру.
2) Қоршаған әлемді танып- білуге деген ынталарын дамыту.
3) Жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларға тілек арнау:
«Сабақтың жақсы өтуіне тілектеспін».
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1) Мәтінінің мазмұны сұрау.
2) Топпен жұмыс: әр топқа аңдардың суретін үлестіріп, білетіндерін жаздыру.
3) Сурет бойынша толықтыру. (сұрақтар беру).
ІІІ. Жаңа сабақ.
(Тақтаға назар аударту).
Тақырыпты оқу, мақсатын таныстыру.
ІV. Тақтадағы суреттер бойынша мазмұнын түсіндіру.
V. Оқулықпен жұмыс: Өз беттерімен іштей оқыту.
Оқушыларға дауыстап оқыту.
(Абзац бойынша- 8 оқушы).
VІ. Ойын «Кім шапшаң?»
1. Балды жақсы көретін жануар (Аю)
2. «Қанатты жануарлар» деп қай жануарды атайды?
3. Биыл 2013 жыл қай жануардың жылы? (Жылан).
4. 8 жұмыртқа 4 минутте піссе, 16 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минут)
5. Қандай мұздың үстінен жүруге болмайды? (Жаңа қатқан мұздың)
6. Орман емшісі қай құс? (Тоқылдақ)
7. Құстар өздеріне ұясын жылдыңқай мезгілінде салады? (Көбіне көктемде).
8. Құстарнемен қоректенеді? (бунауденелілер, өсімдік дәні, жидегі, жем, нан т.б.).
9. Күндіз де, түнде бір уақытты көрсететін қандай сағат? (тоқтап тұрған сағат)
VІІ. Өз бетімен жұмыс: «Ойды жалғастыр».
1. Өсімдік…………………
2. Сусыз…………………..
3. Құстар………………….
4. Жануарлар……………
5. Адамдар……………….
(Дәптерге орындату).
4-5 оқушыға оқыту.
VIII. Есінде сақта! Ережесі.
1. Адамдар осы байлықты қорғайды, өйткені олар біздің тіршілігіміз үшін қажет.
2. Құстың ұясын бұзба, балапандарын мысықтан және тентек балдардан қорға.
3. Жабайы андардың балаларын енесінен айыруға болмайды. Олар қолға ұстауға көндікпейді.
4. Біздің елімізде «Табиғатты қорғау туралы заң бар. Оны ересектер де, балалар да орындауы тиіс. Бұл заңды сен де орында. Табиғатты қорға!»
ІХ. Топтастыру:
[құстар]
Х. Кім құс аттарын көп біледі?
Әр оқушы құстардың аттарын атайды, жазып береді.
ХІ. Қорыту:
1. Құстар туралы не білеміз?
2. Құстар неліктен жылы жаққа ұшып кетеді?
3. Қыстап қалатын құстарды ата.
4. Үй құстарын ата.
5. Сөйлемді аяқтап жаз…………………………………………..
Мен құстарды…………………………………………………….
ХІІ. Үйге тапсырма:
1. Мәтінді оқып келу.
2. «Егер біздер болмасақ құстарға кім көмектеседі?» тақырыбына шағын әңгіме жазып келу.
(Тамақ беру, ұясын салу, т.б.)
ХІІІ. Бағалау.
