Еңбек шарты,еңбек шартының мазмұны
Қазтұтынуодағы Қостанай экономикалық колледжі
Сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Тақырып: «Еңбек шарты,еңбек шартының мазмұны»
Пәні бойынша: «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы»
Мамандығы бойынша: 0201000 «Құқықтану»
Құрастырған оқытушы: Ахметова Назгүл Едіресқызы.
Кіріспе
Білім жүйесі әрбір елде әлеуметтік – экономикалық және мәдение саласындағы негізгі міндеттерді мүмкіндігінше жүзеге асыратын қоғамды дамыту. Білім беретін мекеме қабілеті қоғамның қажеттіліктеріне икемді әсер ету болып табылады, бұл әрекетте пайдалы тәжірибені сақтау орасан зор мағынаны білдіреді.
Қазіргі заманғы жұмыс беруші қызығушылығын мынандай қызметкерлерге білдіреді:
1. ойлау мен әр түрлі мәселелерді өздігінше шешу қабілеті бар;
2. сыни мен шығармашылық ойлау қабілетіне ие;
3. сөйлеу қорына бай адам.
Бұл мақсаттарға жету үшін оқу процессінде сабақтарды өткізуге көптеген технологиялар қолданылады. Мен өзімнің сабағымда ойын технологияларын қолдандым.
Ойын технологиялары дәріс жүргізу бағыттында оқушылардың мәселені өз бетінше шешуге бейімдейді, бұл кезде мұғалім ақиқатқа жақын рольдік жағдайды жасауға тырысады. Ойын барысында оқушылар тәжірибелік білімді пайдалана отыра, жұмыс беруші мен қызметкер ретінде өздігінше ойлау, жағдайларды шешу, еңбек заңнамаларын қолдана отырып мүдделерін қорғайды.
Қазіргі уақытта ешкім де жұмыссыз қалудан сақтандырылмаған. Сонымен қатар, өндірісте зақым алу, ал әкімшілік өтемақы төлеуден бас тартқан болса. Сол үшін, осындай жағдайларға дайын болу үшін, әрбір азамат өз құқығын білу қажет. Сондықтан өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру , оны қалай қорғау керектігі туралы жұмыс жасауымыз қажет.
1. Ойын технологияларын оқытудың мәні
Ойын технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Ойын технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Тәжірибелік білімді ептілікпен пайдалануға үйрету, әсіресе арнайы тәртіп мұғалімдеріне болашақ мамандарда белгілі бір психологиялық қасиеттерді, шығармашылық қабілеттер мен оқушылардың дағдыларын жетілдіреді. Замандас өндірістік нарық жоғары біліктілік мамандарды талап етеді, сондықтан дәстүрлі жұмыс жүргізу жетіспейді.
Құқық пәндері сабақтарында мұғалімдер ойын технологияларының элементтерін қолданады. Бұл ойын бізге не береді? Ойын – бұл бір мезгілде еркіндік пен тапқырлық, қиял мен тәртіп.Сабаққа даярлық кезеңі мұғалім мен оқушылардың жоғары дәрежедегі жеке және бірлескен шығармашылық жұмыспен ерекшеленеді.
Оқушылардың «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру» пәнін зерттеу барысында ойын технологияларын қолдану олардың оқу және еңбек қызметін ынта және белсенділігін оятуға жол береді. «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» пәні «Құқықтану» мамандығының негізгі пәндерінің бірі болып табылады. Сонымен қоса еңбек құқығы негіздері әрбір адамның тәжірибелік тіршілік әрекетінде қолданылады (мысалы, еңбек шарттарын жасасу,еңбек ақы алу,әлеуметтік жәрдемақылар алу,кепілдіктер,өтемақылар алу және т.б.). [3, с.21-24] Сондықтан оқушылардың оқу процессінде осы ойын технологиясын қолдану қажет. Мысалы, «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» пәнінен еңбек шартының ұғымы,еңбек шартының түрлері туралы жаңа білімді игеру сабағын зерделеу барысында біз жаңа материалды бекіту үшін әр түрлі өмірде кездесетін жағдайларды ескере отырып ойын түрінде көрсетеміз: «Жұмыс беруші – бірінші оқушы (Беков А.), қызметкер – екінші оқушы (Казгереева. А.) олардың арасында екі жақты келісім – еңбек шартын жасасты. Ойын қатысушыларына және барлық топқа сұрақ, қай кезде жұмыс беруші мен қызметкердің арасында еңбек шартының мазмұны кімдердің келісімдерімен анықталады деген сұрақ қойылады (Молдабайұлы А.)? Оқушылардың жауабы: еңбек шартының мазмұны тараптардың өзара келісімімен анықталады. Бұл кезде олар ҚРЕК,«Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» оқулығымен жұмыс істеп, бұл жауапқа заңды негіздеме табады.». [28б,б.303-304] Ойын рольдік мағынада оқушыларда ойшылдық, білімділік,есте сақтау және адамгершілік қасиеттерін тудырады.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру
Сабақтың мақсаттары:
Білім беру : «Еңбек шарты,еңбек шартының мазмұны»тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту,тәжірибелік жағдайларды шешу кезінде ҚР Еңбек кодесімен жұмыс істеу және әдеттерін қалыптастыру;
Дамытушылық : оқушылардың кәсіптік және ойлау қабілеттерін,белсенділігін,жағдайларды шешу кезінде өз бетінше ойлауын дамыту
Тәрбиелеушілік:болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын,тапсырылған тапсырманы орындау кезіндегі жауапкешілік сезімін тәрбиелеу
Біліктілік талаптары:
Білу керек:еңбек оқушыларға еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мағынасы туралы берік білім беру,керекті құқықтық нормаларды дұрыс түсіну және қолдану бойынша тиісті бағдарламаларды қалыптастыру
Істеп үйрену:ҚР Еңбек кодексімен жұмыс істеу,еңбек міндеттерін еңбек шартына,жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындаудың жауапкершілігін жағдайларды шеше білу
