Ел мұратын жырлаған- Сартай ақын
Ел мұратын жырлаған- Сартай ақын
« Ең үздік ғылыми жоба-2014» байқауы
(7-9 сыныптар арасында)
Подстепное ауылы, 2014 жыл
БҚО Теректі ауданы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Наукенова Айнұр Нұрланқызының «Ел мұратын жырлаған – Сартай ақын » тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысына
Кеңесшінің пікірі
Қазақ тарихында есімдері елге танымал Сартай атты адамдар өмір сүрген. Бірі оңтүстікте батырлығымен танылған болса, бірі батыс өңірінде ақындығымен танылған.
Оқушы зерттеуіндегі Сартай Көшкіншіұлы – Батыс Қазақстан Облысының Қаратөбе ауданындағы, Батпақкөл елді-мекеніне қарасты Үшана ауылында дүниеге келген – ақын. Сартай Көшкіншіұлы – жыршы-термеші, елдің мұңын жырлаған ел аузында термелері қалған тарихи тұлға. Қазіргі кезде Сартай туралы зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
