Уақыт-мезгіл пернесі

Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары

Мектеп: №36 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:Уақыт-мезгіл пернесі

Құндылық:дұрыс іс-әрекет,уақыт үнемдеу

Қасиеттер:жауапкершілік

Мұғалім: Намазова Дана Галимоллаева

Сынып:10

Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:“Уақыт” ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

-“уақыт” ұғымын құндылық ретінде түсіндіру.

-жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

-уақытты бағалай білуге үйрету.

Ресурстар:(құралдар,материалдар)

оқулық,дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті.

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Табиғи апаттардың тіршілікке тигізетін әсері туралы пікірлерін тыңдау.

Сабақтың жүрісін талқылау:
3.Әңгімелесу

Бүгінгі өтіліп отырған тақырып жайлы ойлануға мүмкіндік туғызу мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылып,оқушының жауаптары тыңдалады.

*Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде?

*”Уақыт адам өмірінің өлшемі”деген пікірмен келісесіз бе?

*Адам өмірінің мәні оның істеген ісімен өлшенуінің себебі неде?

4.Мәтінмен жұмыс

Уақыт құндылығының мәнін түсіндіру үшін Ә.Нұршайықовтың естеліктерінен алынған үзінді беріледі. Бұл мәтін арқылы оқушы әрбір жас кезеңінде уақытты тиімді пайдалана алуға үйретіп,уақыттың өткінші құбылыс екендігін түсіндіру көзделеді.

5.Дәйексөз

“Егер дұрыс пайдаланар болса,уақыт қашан да жеткілікті”

6Шығармашылық жұмыс

Оқулықтағы суретті қараңыздар.Сурет мазмұнын Абайдың”Өмір-мұхит,уақыт-толқын”деген ойымен салыстырыңыз.Олардың ұқсастықтары неде деп ойлайсыздар?

Уақыттың жаулары

*Түсініксіз мақсаттар

*Тыңдай білмеу

*”Жоқ” деп айта алмау

*Асығыс шешімдер

*Бәрін бірден орындауға ұмтылу

*Ұмытшақтық

*Толық ақпараттың болмауы

*Өзіндік тәртіптің жоқтығы

*Жоспарлай білмеу

*Тосын шешімдер

*Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу

7.Топпен ән айту

“Қайран уақыт”хормен орындау.

8.Үй тапсырмасы

“Уақыт алтыннан да қымбат” эссе жазу.

Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.Әрбір өткізген уақытты тиімді өткізіп,бағалай білейік.

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше