Махаббат -өмір өзегі
Өзін-өзі тану пәнінің сабағының жоспары
Мектеп: №36 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы:Махаббат -өмір өзегі
Құндылық:сүйіспеншілік
Қасиеттер:Жақсылыққа ұмтылу, пейіл мен ниет тазалығы,адалдық, сенім, мейірімділік, адамгершілік.
Мұғалім: Намазова Дана Галимоллаева
Сынып: 9
Оқушылар саны-
| Сабақтың мақсаты:: Риясыз сүйіспеншілікпен ғана өмір мәнді болатынын оқушыларға ұғындыру.
Сабақтың міндеттері: – Оқушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән- мағынасын түсіндіру; – Жақсылыққа ұмтылу, пейіл мен ниет тазалығы, адалдық, сенім, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту; – Оқушыларды өз Отанын, жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу |
Ресурстар(құралдар,
материалдар)оқулық,дәптер |
| Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру . Тыныштық сәті Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз. Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз! 2.Үй тапсырмасын тексеру. “Менің Отаным -Қазақстан” тақырыбына шығарма жазып келу. |
Сабақ барысын талқылау. |
| 3.Әңгімелесу
1. “Ғашықтық” және “Құштарлық” ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз? 2. Махаббат неліктен құдіретті де қасиетті ұғым? 3.Ұл мен қыз арасында қандай сезім болады? Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе? 4.Махаббаттың сыйластық пен достыққа қандай байланысы бар? 5.”Бәрінің бастауы-Махаббат!” дегенді қалай түсінесіз? |
|
| 4.Мәтінмен жұмыс
І.Есенберлиннің”Алтын құс”романынан үзінді оқып,талдау ұсынылады. Мәтін бойынша сұрақтар қойылады: 1.Адамдар махаббатты неліктен Алтын құсқа,Аққуға,гүлге,жұлдызға теңейді? 2.Махаббат адамның лауазымына,байлығына,жасына байланысты өзгеруі мүмкін бе? |
|
| 5.Дәйексөз
“Махаббат құдіреті-жер жүзіндегі күллі ізгі,таза,риясыздық атаулының қайнар көзі”,-деген Ж.Стальдың сөзін ,оқушыларға махаббаттың құдіреті -жер жүзіндегі күллі ізгі,таза,риясыздық атаулының қайнар көзі екенін түсіндіру. |
|
| 6.Мұғалім сыйы
І.Есенберлиннің “Ғашықтар” романынан үзінді. Жақсы көру деген бір ұлы қасиет.Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады.Жалпы адам баласын жақсы көру бар.Жалпы адам баласын жақсы көріп,оның бақыты үшін күресу ол-үлкен жүректі алыптардың ісі.Ал жеке біреуді жақсы көру,сол үшін барыңды аямау-бәріміздің де қолымыздан келетін ерлік.Кім өзінің ата-анасын,туған бауырларын жақсы көрмейді?Солар үшін аямай еңбек еткісі келмейді?Кім өзінің сүйген адамы үшін сын сағаты туса,жанын құрбан етуден бас тартады?Меніңше,бұл-қайсымыздың болса да қолымыздан келетін іс.Бірақ біреуді жақсы көру,ұнату бар да,не болмаса оны шын жүректен өлердей сүю,онсыз өмір сүре алмайтындай ғашық болу бар.Жан-тәнімен сүю,ғашық болу меніңше адамда бір-ақ рет кездесетін қасиет. |
|
| Шығармашылық жұмыс.
“Махаббатсыз дүние бос…” тақырыбына зерттеу,талдау жасаңыз.Төменде бірнеше тапсырмалар берілген ретімен орындап,сыныпқа жариялау. 1.”Махаббат”ұғымының мәнін анықтау. 2.Ұқсас ұғымдарды іріктеу: *”Махаббат”ұғымына синоним ұғымдарды іріктеу. 3.Ұқсас ұғымдарды іріктеу. 4.Ұғымның адам өміріндегі мәнін анықтау үшін сұрақтар: *Махаббаттың құндылығы неде? *Оның ғашықтық,сүйіспеншілік,құштарлық ұғымдарымен қандай байланысы бар? *Адамға махаббат қаншалықты керек? *Адамда махаббат сезімі болмаса,не болар еді? *Махаббатадамға қандай артықшылық береді? *Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма? 5.Махаббаттың кемшіліктерін анықтау. *Махаббатта кемшіліктер бола ма? *Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме? *Адам өз махаббатынан зиян шеге ме? *Махаббат қай кезде жағымсыз қасиетке айналады? 6.Ұғымды өз ойыңмен тұжырымдау. *Махаббат -бұл… 7.Қорытынды: *Өз көңіл-күйіңіз туралы айтып беріңіз |
|
| Тапсырма
Оқулықта мәтіндерді оқып,махаббат туралы өз пайымдауларын жасау. |
|
| Жаңа ақпарат
Махаббат – ол үлкен құдіретті күш!Махаббат ол- сенім,махаббат ол-гүл,махаббат ол-шексіз бақыт,махаббат ол-Отан,махаббат ол-адамды еріксіз -өзіне бағындыратын,еркіңнен тыс арманға апаратын, жүрегіңнің төрінен орын алған,адам жанына ерекше өзгеріс енгізетін,адамсөзбен айтып жеткізе алмайтын-Ұлы сезім! |
|
| Дәптермен жұмыс
Оқушы дәптерінде оқушыға арналып,”Мен бүгін:” айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алып,оны талдап немесе өз ойын білдіреді. |
|
| Топпен ән айту
Ш.Қалдаяқовтың”Бақыт құшағында” әнін орындайды. |
|
| Үйге тапсырма
Өтілген тақырыпты қайталау. Соңғы тыныштық сәті Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.Махаббат ол- үлкен құдіретті күш! Махаббат ол-сенім,махаббат ол-гүл,махаббат ол-шексіз бақыт,махаббат ол-адал жар,махаббат ол-адамды еріксіз өзіне бағындыратын,еркіңнен тыс арманға жетелейтін,жүрегіңнің төрінен орын алған,адам жанына ерекше өзгеріс енгізетін,адам сөзбен айтып жеткізе алмайтын-Ұлы сезім! |
