Кеңпейілділік пен жомарттық
Өзін – өзі тану пәнінің сабақ жоспары
Мектеп: №36 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Кеңпейілділік пен жомарттық
Құндылық:сүйіспеншілік,бауырмалдық
Қасиеттер:жағымды қарым-қатынас
Мұғалім: Намазова Дана Галимоллаева
Сынып:5
Оқушылар саны:
| Сабақ мақсаты:Оқушыларға жомарттық, кеңпейілдік ұғымдарының құндылығы туралы түсінік беру.
Міндеттері: – жомарттық пен кең пейілдіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. -Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту,тұжырымды ой айтуға жетелеу,сөздік қорларын байыту. -жомарттық пен кең пейілдікке тәрбиелеу. |
Ресурстар(құралдар,
материалдар)оқулық,дәптер |
| Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті. Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз. Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз! 2.Үй тапсырмасын тексеру. “Қаз дауысты Қазыбектің шешімі ” атты аңыз әңгімені әңгімелеп беру. |
|
| 3.Әңгімелесу
Оқулықта “ойланайық,пікірлесейік”айдарымен берілген сұрақтар оқушының “пейіл”,”кеңпейілділік”деген ұғымдардың мағынасын айқындай түсуге және жомарттық пен кең пейілділіктің бір-бірімен байланысты екенін түсінуге көмектеседі. *Кеңпейілділік деген ұғымды қалай түсінесіңдер? *Қандай адамды кең пейілді деп айтамыз?Неліктен? *Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не? *Өздеріңнің қамқорлық танытқан кездерің болды ма? Әңгімелеу барысында оқушыларға адамдардың жасаған жақсылықтарын міндет етпеуі қажеттігін түсіндіреді және оқушылардың өздерінің қамақорлық жасаған кездерін ортаға салып әңгімелеуіне көңіл бөлінеді. |
|
| 4.Мәтінмен жұмыс
1.Оқулықтағы “Жомарттық” мәтінімен танысу. 2.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. *Патша уәзірлерін қалай сынады? * Жомарттық жасаған баланы қалай сипаттар едіңдер? * Жомарттық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек? *Жомарттық малмен бола ма,жоқ пейілмен бола ма?-деген сұрақты қалай түсінесіңдер? |
|
| 5.Дәйексөз
“Егер сен жомарт адамдар сияқты халқыңа қызмет етуді ұнатсаң,әуелі жомарттықтың не екенін және оның қайдан шығатынын білгін” Халқыңа қызмет етуді ұнатқан адамның жаны жомарт,пейілі қашанда ашық болатынын түсіндіру. 6.Жаңа ақпарат Адамның өзге адамдарға шын пейілмен жақсылық жасауынан жомарттықты байқауға болады.Адам бойындағы сезімталдық,қамқорлық қасиеттер риясыз көңілмен өзіңде барымен бөлісуге жетелейді,зәру адамдарға қол ұшын беру кең пейілділіктің белгісі. Жаны жомарт,қолы ашық ,кең пейілді адам өз ортасында сыйласымды,жарасымды өмір сүреді. |
|
| 7.Шығармашылық жұмыс
Топтастыру стратегиясы:Топпен жұмыс I-топ: “Жомарт” сөзінің антониміне түсінік береді. II-топ: “Кең пейілділік” сөзіне қатысты сөздерді топтастырады. 8.Мұғалім сыйы “Алма ағашы” анимациялық фильм |
|
| 9.Топпен ән айту
“Айгөлек” әнін орындау |
|
| 10.Үйге тапсырма
“Жомарттық ” ертегісінің мазмұнын айту. |
|
| 11.Соңғы тыныштық сәті
Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз . Ақкөңілділік,жайсаң мінезділік, дарқандық,кеңдік,молқолдылық жомарттықты білдіреді.Адамның кеңпейілділігі риясыз жақсылықтар мен игі істерден көрінеді.Мырзалық,қолы ашықтық, дарқандық,кеңдік,молқолдылық жомарттықты білдіреді.Адамның жомарттығы бір адамның екінші адамға қайтарымсыз,міндет етпестен қызмет қылып,жақсылық жасауға кеңпейілділігінен,нақты ісінен көрінеді.Жомарт болу үшін дүние-дәулеттің мол болуы шарт емес. |
