Әр балаға берік отбасы
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Мұхит атындағы ОЖББ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Ескайрова Айсулу
Тақырыбы. « Әр балаға берік отбасы » өнеге сағаты
Сабақтың мақсаты:
Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: ата-анаға, бақытқа байланысты нақыл сөздер
( Сонымен, солай дейік…. ток шоу тележоба бойынша пікірталас)
І.Жүргізуші:
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы . Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Осыған байланысты мектебімізде өткізіліп отырған іс-шара баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім, ата-ана, қоғамның орны бөлек.Осы жайында қонақтар шақырып отырмыз.
І.Жүргізуші:
Олай болса «Адамның бақыты балада», «Бала – адамның бауыр еті» дейді. Осы бір атамыздан қалған сөзді басшылыққа ала отырып өз ойын ортаға салу үшін алғашқы қонағымызды
