Не деу керек
Атырау облысы Жылыой ауданы
Құлсары қаласы №8 жалпы орта
мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Досмағамбетова Жанаргүл Бағытқызы
Не деу керек? Буын 1 сынып Ана тілі , Х дыбысы мен әрпі сауат ашу 1 сынып,
Өсімдікке су және топырақ керек 2 сынып Дүниетану. Жиб-жица күресі 4 сынып .Осы сабақтарымды жіберіп едім әлі жарияланбаған екен, хабарласарсыз. Дұрыс жіберілмесе қайта жіберейін.
Пәні:Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Не деу керек? Буын.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың өлеңді саналы түсініп оқуын меңгерту, шапшаң оқуға төселдіру; Буын жайлы білімдерін кеңейту. Сыпайы сөздерді үйрету, үлкендермен сәлемдесу түрлерін үйрету.
2. Дамытушылық: Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, таным белсенділігін арттыру, сауатты көркем жазуын қалыптастыра түсу, әдеп әліппесін бойына дарыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілік, имандылық тәрбиесін беру, әдептілікке, сыпайылыққа, ізеттілікке үйрету, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, сөздік – көрнекілік,
Түрі: саяхат сабақ.
Көрнекілік: кесте, суреттер, сыпайы сөздер, үлестірмелі қима қағаздар, слайд.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
1 бөлім.Қызығушылықты ояту.
-Балалар біз бүгін «Сыпайылар» әлеміне саяхатқа шығамыз. Мұнда біз әр елден сыпайы сөздер үйреніп сандығымызға жинақтай береміз.Бұл елдің елдің тұрғындары бір-біріне тек «сіз» деп қана сөйлейді екен. Бәрі бір-бірін сыйлап, сыпайы сөйлейді.
-Кәне, саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Жолда кездесетін түрлі тапсырмаларды орындауға әзірсіңдер ме?
-Ең алдымен біздер сыпайы сөздер туралы не білеміз, тағы не үйренгіміз келеді, сол жөнінде алдарыңыздағы мына кестені «Білемін. Үйренгім келеді? Үйрендім» кестесін топпен толтырып алайық.
| Білемін | Үйренгім келеді? | Үйрендім |
| Рахмет, сәлеметсіз бе?, Сау болыңыз! Кешіріңіз,Сыпай сөздерді қолданған оқушы әдепті, кішіпейіл бала. | Сыпайы сөздерді тағы үйренгіміз келеді? |
Осы сұрақтың жауабын сабақ барысында білетін боламыз, үйренген сыпайы сөздерді сандыққа жинай береміз.
-Сыпайылық дегеніміз сәлем беруден басталады. Ең бірінші баратын еліміз «Сәлем бере білейік» деп аталады. Ол елге бару үшін көлік таңдап алайық.(Автобус)
-Автобустың тапсырмасы бар екен, сол тапсырманы орындасақ автобус орнынан қозғалып, біздерді «Сәлем бере білейік» еліне апарады.
Автобустың тапсырмасы үйге берілген тапсырма «Көрші атам» өлеңін мәнерлеп оқу.
-Өлеңде не туралы айтылады?-Жұп дауыстыларды кім атайды? Мысалы
-Міне енді біздер «Сәлем бере білейік» еліне де жеттік. Бұл елдің тұрғындары сіздермен ойын ойнағысы келіп тұр.
-Ойын ойнайсыңдар ма ?
Ойын аты «Сәлем бере білеміз бе?» деп аталады.
Суреттерді көрсету,сурет кейіпкерлерімен қалай амандасу. Сәлемдесу түрлерін анықтау.
-Сәлеметсіз бе?
-Сәлем бердік?
-Аман – есенсіз?
-Армысыз! Қош келіпсіз!
-Ассалаумағалейкум!-Сәлем
– Өзімізге қошемет білдіріп қояйық.Бұл елдің тұрғындары жаңа сыпайы сөздермен таныстырады.
Үйренген жаңа сыпайы сөздерді сандыққа салайық.
3 бөлім.Мағынаны тану.
-«Сыпайылар» әлемінің келесі елі «Рахмет». Бұл елге бару үшін алдымен көлік таңдайық.Бұл елге пойызбен барамыз. Пойыздың тапсырмасын орындасақ пойыз орнынан қозғалып, біздерді «Рахмет» еліне апарады.
-Пойыз тапсырмасы: Суреттегі сөздердің бірінші әріптері бойынша сөз құрастыру. БУЫН.
-Балалар біздер әліппе кезеңінен сөздерді буынға бөліп білеміз.
-Буын қай әріпке байланысты құрылады? Буын туралы ережені кім айтады?
Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Буын
Ашық Тұйық Бітеу
Қа-ла ас-пан бас-тық
-«Рахмет» елінің тұрғындары сіздерге тапсырма дайындап қойыпты, ол оқулықтағы 58- жаттығу,сол тапсырманы орындасақ, сыпайы сөздермен сандығымызды толтырамыз.
-Орындауға әзірсіңдер ме?
58-жаттығу. Сөздерді буынға бөлу.
А-па, ә-же, а-та, кө-ке, ше-ше, на-ға-шы, жи-ен.
-Бұл нені білдіретін сөздер?
– Әр буында қанша дауысты дыбыс бар?
– Буын қандай дыбысқа байланысты бөлініп тұр?
-Осы сөздерді бір сөзбен не деп айтуға болады? Туыстық атаулар.
«Рахмет» елінің тұрғындарының тапсырмасын жақсы орындап шықтыңдар.Өзімізге қошемет білдіріп қояйық. Енді жаңа сыпайы сөздемен танысайық. Алғысым шексіз, ризамын.
-Енді Сыпайы сөздер әлемінің келесі елі «Кешіріңіз» деп аталады.
-Бұл елге бару үшін көлік, таңдайық.
-Кешіріңіз еліне ұшақпен барамыз.
– Ұшақпен бірге ұшып сергіп алайық.
-Міне балалар, «Кешіріңіз» еліне де жеттік.
-Кешіріңіз елінің тұрғындарының сіздерге тапсырмасы бар екен? Кәне, сол тапсырманы орындауға әзірміз бе?
Семантикалық картаны толтыру.
| сөздер | ана | күн | ұя | түн | ою | аю | аяқ |
| 1 -буын | + | + | + | ||||
| 2-буын | + | + | + | + |
-Оқушыларға оқыту.
Енді жаңа сыпайы сөздемен сандығымызды толықтырайық.
-Кешіріңіз. Ғафу етіңіз! Айып етпеңіз.
-«Сыпайылар» әлемінің келесі еліміз «Рұқсат па?» деп аталады.
-Бұл елге бару үшін, алдымен көлік таңдайық.Кеме.
-Кеменің тапсырмасы бар екен, соны орындасақ кеме орнынан қозғалып біздерді «Рұқсат па?» еліне апарады.
Кеменің тапсырмасы:Суретпен жұмыс.
Кішіпейілдік – кісілік белгісі.
Суретке қарап әңгіме құрастырайық.Өзімізге қошемет білдіріп қояйық.
«Рұқсат па?» елінің тұрғындарының тапсырмасы:
Оқулықпен жұмыс.Не деу керек?
Алдымен автор туралы мәлімет беріп жіберейін.Әнуарбек Дүйсенбиев – 1931 жылы 25 қазанда Алматыоблысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Балалар ақыны. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.
1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
-тізбектеп оқу.
-Өлең мазмұнына байланысты көрініс көрсету.
-Оқушылардың орындауында көрініс. Жаңа сыпай сөзбен сандығымызды толықтырайық.
ІІІ.Ой толғаныс.
-Енді келесі елі «Жарайды» деп аталады. «Жарайды» елінің тұрғындарының тапсырмасы бар екен? Кестенің үшінші бөлігін толтыру.
-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
| Білемін | Үйренгім келеді? | Үйрендім |
| Рахмет, сәлеметсіз бе?, Сау болыңыз! Кешіріңіз,Сыпай сөздерді қолданған оқушы әдепті, кішіпейіл бала. | Сыпайы сөздерді тағы үйренгіміз келеді? | Қайырлы таң!
Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Алғысым шексіз, ризамын. Кешіріңіз. Ғафу етіңіз! Айып етпеңіз. Ашық буын Бітеу буын Тұйық буын |
-Балалар, бүгін біз « Сыпайылар әлеміне» саяхат жасадық. Сыпайылық дегеніміз сәлем беруден басталады. Одан кейін кішіпейіл болу керек. Сиқырлы сөздерді әрқашанда өмірде қолданып, жақсы ниетке рахмет айтып, тиісті жерінде кешірім сұрап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп әдепті, кішіпейіл балалар болуымыз керек.
V. Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
59 – жаттығу (көшіреміз, неше дауысты дыбыс, буын барын үстіне жазамыз.)
ҮІ.Бағалау.
Пәні:Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітапхана туралы түсініктерін кеңейту. Сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету.
Дамытушылық.Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік.Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: СТО
Сабақтың көрнекілігі: бейне таспа, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, үлестірме қағаздар.
БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Қызығушылықты ояту.
-Балалар бүгін біздің сыныпқа саяхатшы Дара келіпті (бейне таспа жіберу). Ол кітапханадан алған қызықты кітаптарын оқып болып, енді оларды тапсырмақшы. Кітаптарды тапсыру үшін Дара кітапханаға бара жатыр екен. Жолда кездескен қиындықтарды жеңіп, Дараға көмектесуге әзірсіңдер ме? Ол үшін қай топ Дараға жақсы көмектесетінін білу үшін 2 топқа бөлініп жарысамыз.
– Әр топ өздерін таныстырсын.
1 топтың аты: «Білімділер» Топтың ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
2-топтың аты: «Талаптылар» Топтың ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
-Тапсырмаларды үздік орындаған топ қызыл кітапқа, жақсы орындаған топ көк кітапқа ие болады. Қай топтың қызыл кітабы көп болса сол топ Дараға жақсы көмектесіп жеңіске жетеді.
| Әліппе |
| Әліппе |
ІІ.Өткенді пысықтау.
-Я,Ю дыбыстаны қайталау, Жарыс мәтінін оқу, түсінік айту.
–Ең алдымен Дараның кітаптарын үстелгі жинайық. Ол үшін біздер үй тапсырмасын қайталап алайық.
1-тапсырма. Үлестірмелі қима қағаздардағы сөздерді оқып, буынға бөлу. аяқ, таяқ, қоян, қияр, пияз, аяз, дария, ұя,баяу,шаян, тақия,сая,аю,ою, қою,құю,есею,азаю,үлкею,көбею.
2-тапсырма. 1 топ «Білімділер» Жарыс мәтінін оқу, 2-топ «Талаптылар» сұрақтарға жауап беру.
– Дараның кітаптарын үстелге жинадық.Енді оларды Дара қайда салады? (жолдорбаға)
ІІ.Мағынаны тану.
-Енді кітапті жолдорбаға салу үшін, алдымен жолдорбаны босатуымыз керек, ол үшін жолдорбаның ішіндегі суреттерді айтып қайталасақ ,бүгінгі сабақтың тақырыбын біледі екенбіз.( «Сиқырлы кітап»бейне таспа жіберу) .
-Бүгінгі танысатын х дыбысымен танысамыз. Қане дыбыстап көрейікші? Қандай дыбыс? Х-дауыссыз дыбыс,себебі? ауа кедергіге ұшырап тұр. Х – әріптернің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
Суретергі назар аудару, х дыбысының орналасуын түсіндіру.
– Х нешінші буында тұр, сөздің қай жерінде тұр.
– Не байқадық? Х әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі? Х әрпі сөздердің басында, ортасында және кейде сөздің соңында кездеседі. Мысалы: хат, шахмат, шах.
-Жолдорбаны тапсырмасын орындайық.«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнау.
-Жолдорбаның ішін босаттық, жолдорбаның ішіне кітаптарды орналастырдық, енді Дара жолға шығуға дайын.
-Кітапханаха бару үшін алдымен көпірден өтуміз керек, көпірдің күзетшісінің тапсырмасын орындасақ Дара көпірден өтіп кітапханаға жетеді.
Күзетшінің тапсырмасы оқулықпен жұмыс.
-тізектеп бағандағы сөздерді оқып шықсақ,х дыбысының астын сызып шықсақ көпірден өтеміз. Х дыбысы сөздің қай жерінде орналасады?
-тізбектеп оқу, түртіп алу, осы сөздердің ішінде түсініксіз сөз бар ма?
-хат -хабаp жiбеpу үшiн жазылып қойылған не жөнелтiлген жазбаша мәтін.
Хор-музыканы қосылып оpындайтын әншiлеp тобы.
Хан-ел билеушi .
Саяхат – алыс жеpге, ел аpалауға шыққан сапаp.
Дәріхана-Дәpi-дәpмек даяpлап және оны сататын оpын;
Хабар-жаңалық
Халат- үй iшiнде күнделiктi киетiн жеңіл киiм.
Хадис- діни кітаптарда айтылған қасиеттi сөздеpi, өсиеттеpi.
Шахмат-ойын
Хаттама- жиналыстың, мәжiлiстiң баpысы туpалы жазылған қысқаша мазмұндама.
Ұстахана-темірден әр түрлі заттар жасап шығаратын шеберхана.
Шеберхана-әртүрлі материалдардан заттарды жасап шығаратын орын.
-Күзетшінің тапсырмасын орындадық Дара көпірден өтті.
-Міне енді Дара кітапханаға да жетті. Әр топтың басшыларына тапсырма беріледі.
1 топтың басшысы сурет бойынша әңгімелеу.
2 топтың басшысы кітапхандан алынған кітаптарды қалай күтіп ұстау керек екенін айту.
-Мәтінді оқу.
Мынау біздің кітапхана. Кітапханада көптеген газет-журналдар да бар.Кітапхана қоры- кітап. Оқушылар кітапханаға жиі келіп тұрады.
Біздің кітапхана екінші қабатта орналасқан.Онда орыс, қазақ, ағылшын және басқа тілдерде кітаптар бар. Біз күнде кітапханаға келіп тұрамыз.
Іші өте таза, жылы, әдемі.Кітапханада түрлі газет-журналдар да көп. Онда өте мәдениетті,инабатты,өз істерін жақсы білетін кітапханашы жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе кітаппен пайдалануға болады.Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған.
Кітапханада тыныштықты және тәртіпті бұзуға болмайды.
(Балалар міне Дарамен бірге кітапханға да жеттік, Дара кітаптарын тапсырды.) Дараға өте жақсы көмектескен, топтардың ұпайын санайық. Бейне таспадан біз жеңдік әнін орындау. Қане өзімізге қошемет білдіріп қояйық.)
-Сергіту сәті.
Ризамыз әнін орындау.
2.Дәптермен жұмыс.
Х дыбысын жазу.
ІҮ.Ой толғаныс.
| Әріп | Бөлінуі | орналасуы | Қолданылуы | ||||
| дауысты | дауыссыз | басы | ортасы | аяғы | Қазақ тілі | Орыс тілі | |
| Х | + | + | + | + | + | + | |
-Не үйрендік?
-Не білдік?
Ү.Үй жұмысы: 99-бетті оқу, «Кітапхана» мәтінін әңгімелеу.
ҮІ.Мадақтау,бағалау.
Тақырыбы:Өсімдікке су және топырақ керек
Мақсаты:а)Оқушылардың өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Ә)Өсімдіктер туралы әңгімелей отырып,айналадағы дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту.Оқушы ойын кеңейту.
Б)Табиғатты қорғауға,сүюге,табиғат заттарына жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Пирамидалық сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд,суреттер,семантикалық карта,эмблема
Сабаққа керекті құрал-жабдық:Су,торыпақ,гүл,
Күтілетін нәтиже:
-өсімдіктер туралы толық мағлұмат бере отырып,
-олардың тіршілігін түсіндіре алады;
-жұмысты өз бетінше,топпен жоспарлап,бағалай алады;
-жұмыс барысында жауапкершілікті сезінеді.
-алған мәліметтерді талдап,өз білімдерін бағалай алады;
-түсінігін топтап ,жүзеге асыра алады.
-оқушының сөзі жүйелі,қисынды,
-қорытындыны дәлелдей алады.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
• ұжым болып пирамиданы тұрғызуға көмектесейік.
• Олай болса іске сәт!
Психологиялық дайындық
«Бастапқы таныстық»
ІІ.Өткенді пысықтау.
Табиғат күлімсірер күніменен
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен
Көркіне көз тоймайды табиғаттың
Сұлулықты сүйе біл шыныменен.
(табиғатты сүюге,құрметтеуге тәрбиелей отырып,
өтілген тақырыпты қайталау)
“Күн көзін бұлт баспасын”
Ойын шарты: берілген сұрақтарға жауап беру арқылы экраннан күн көзін шығару
-өсімдік мүшелерін ата
-өсімдік топтарын ата
-тамыр қандай қызмет атқарады?
-сабақ қандай қызмет атқарады?
Тұқымның түрлерін ата
“Сен білесің бе?”
бұл не?
-бір сөзбен қалай атауға болады?
-бұл өсімдік өсу үшін не қажет?
(қане,керекті жағдайларды табайық)
ауа су жылу
Өсімдік
Жарық топырақ
“Мағынаны тану”
Өсімдік -тірі ағза.
Ол өсу үшін не қажет екен?
Өседі,гүл жарады, жемісін береді.
Ал осылардың бірі жоқ болса өсімдік нашар өседі.
Тіпті кейде біреуінің салдарынан тіршілігін тоқтатуы да мүмкін.
Соның бірі-су.Өсімдіктердің сынған жерінен оның бойында су бар екенін байқауға болады.
Суы жеткілікті өсімдік жайқалып өседі.(Суретпен жұмыс)
-Су өсімдікке не арқылы келеді?
Топырақ арқылы.Топырақтағы қоректі заттар сумен араласып ериді. Өсімдіктің тамыры суды бойына сіңіріп, келесі мүшелеріне жібереді.Шіріндісі көп топырақ өсімдік өсуіне өте қолайлы.
-Шірінді қайдан пайда болады?
Жыл сайын қураған өсімдіктердің жапырақтары сумен араласып,оның құрамын байытады.
Барлық топырақта бірдей шірінді көп бола бермейді.Ондай топырақты қолдан тыңайтады.
-Тыңайту үшін не керек деп ойлайсыңдар?
-көң,құстың саңғырығы, шымтезек,қарашірік.(суретпен жұмыс)
«Терең таныстық»
Оқулықпен жұмыс.
-Мәтінді тізбектей оқыту.
-Мәтінмен жұмыс жүргізу.
-Өсімдіктің өсуіне судың,топырақтың әсері қандай?
-Еріген тұздарды өсімдік қайдан алады?
-Өсімдіктің бойында судың бар екенін қалай білуге болады?
-өсімдік тірі ағза екенін дәлелдеу
“Бой сергіту”
«Жүйелі таныстық»
“Ой толғаныс” (проблемалық сұрақтар)
-өсімдік тіршілігі үшін не қажет?
-өсімдіктер адам өміріне қаншалықты әсер етеді?
-егер өсімдік болмаса жер бетінде не болар еді?
“Ой қозғау”
-өсімдік қалың өсетін жердің топырағы неге құнарлы болады?
Дәптермен жұмыс
-топырақты тыңайтуға қажетті қоректік заттарды дәптерге жазу
Көң – құстың саңғырығы- қарашірік-шымтезек
«Ойнап-ойлау»
Практикалық жұмыс жүргізу
Гүл егу (Оқушыларға гүл егу әдісін,оған керекті қажеттілікті пайдалана білуге үйрету)
Нәтиже
Сематикалық карта
| . | Мәде
ни өсімдік |
Топырақ | Су | Саз | Су,топырақ |
| 1.Өсімдік өсуіне ең қажетті жағдай
2.Табиғатта үш күйде кездесетін зат 3.Бидай 4.Өсімдік өсетін жұмсақ қабат |
“Ой түйіндеу”
*сонымен бүгінгі сабағымызда нені білдік?
*өсімдік өсу үшін қандай қажеттіліктер бар екен?
*топырақты тыңайту үшін нелер керек?
Үйге тапсырма беру: Бақылау
*үй маңындағы топырақ қабаты ашық жерден оның құрамын анықтаңдар
*Үй маңындағы және мектеп ауласындағы өсімдіктерді қалай суаратындығына назар аудар
*берілген мәтінді жақсылап оқу
Бағалау.
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
№8 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Досмағамбетова Жанаргүл Бағытқызы
Пәні:Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Жиб-Жица күресі
Сабақтың мақсаты:
1.Автор таралы түсінік беру. Қажымұқан Мұнайтпасов өмірі жайлы толық деректермен таныстыру.
2.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін , тіл байлығын дамыту.
3.Алып күш иесін құрметтеуге және спортты сүюге баулу. Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дамытпалы сабақ.
Сабақтың формасы:топтық.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу.
ІІ.Қызығушылығын ояту.
Тақтадан ережесіз күрес, жапон күресі суретерін көрсетемін.
-Бұл қандай күрес түрі деп ойлайсыздар?
Жапонның Жиб-жица күресіне ұқсас қазір «Ережесіз күрес» деген спорт түрі бар. Бұл күреске шыққандар аяққа-қолын бірдей жұмсап күреседі. Бір-бірінің денесіне зақым келтірседе жазаланбайды.
Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
Қалқаман Әбдіқадыров-ақын, жазушы. «Қажымұқан» деген кітабы бар.
ІІІ. «Дөңгелек үстел» әдісі
1 топқа. Қажымұқан туралы не білеміз?
Бұл сұраққа «Дөңгелек үстел» әдісімен жауап береді. Топтағы әр оқушы Қажымұқан туралы өз білгенін жазады. Әр оқушы бір сөйлем жазып, кезекті оң жағында отырған келесі оқушыға береді. Келесі оқушы өз білгендерін жазады, алдыңғы оқушының жазғанын қайталамай керек.
2 топқа. Тірек сөздермен жұмыс. Тірек сөздер:Қажымұқан, палуан,күрес. Осы сөздерді қатыстыра отырып , топтағы балалар шағын әңгіме құрастырады.
3 топқа: Қажымұқанға мінездеме беру.
ІҮ.Мағынаны тану.
1) «Жигсо-1» әдісімен оқыту. Мәтінді алдын ала үшке бөлемін. Әр топтағы балаларды 1,2,3 ретімен негізгі топтарды экспорт топтарға бөлемін. 1-лер бір топқа, 2-лер 1 топқа, 3-тер бір топқа ауысып отырады. Мәтінді ретімен үш топқа бөліп беремін.
2)Экспорт топтағы балалар берілген мәтін бөлімін өз беттерінше оқиды. Сонан соң түсінгендерін топқа бір-біріне баяндап мазмұнын талдайды.
3)Экспорт топтағы балалар негізгі топтарына қайта оралады. Негізгі топтан әр оқушы оқыған мәтінін бөлімін ретімен баяндап, өз бөлімі бойынша жанындағыларға түсіндіреді. Осылайша мәтіннің толық мазмұны негізгі топта мазмұндалып түсіндіріледі.
Ү. «Аквариум» әдісімен әр топтан өз ұсыныстары бойынша оқушылар тақтаға шығады. Мысалы, мәтіннің 1-бөлімі бойынша бір топтан, 2-бөлімі бойынша келесі топтан шығады. Олар мазмұнын баяндайды. Осы әдіс бойынша мәтін мазмұнымен барлық сынып оқушылары танысады.
ҮІ.Толғаныс. «Бес жолды өлең» әдісі
Нұсқаулық:
1.Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім болуы тиіс.
2.Тақырыпты суреттейтін екі сын есім.
3.Іс-әрекетті көрсететін үш сөз.
4.Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
5.Соңғы сөз синоним болуы керек.
ҮІІ.Сен білесің бе?
Қажымұқан Мұнайтпасов туралы бейнебаян көру.
Мұқанның анасы Кәбира ол өмірге келгенде қайтыс болады да,оны әжесі Айсары 16 жасқа дейін өзі өсіреді. Берлинде жуан сым темірді мойнына галстук, беліне белбеу етіп байласа, Парижде өзі сахнаға мініп шыққан түйесін мойнына көтерген, 75 пұт жүк салынған арбаны тісімен сүйреп сахнаға шығарса, кеудесіне 20 пұт, яғни 320 кг тас қойғызып, оны 2 пұттық балғамен ұрғызып уақ таттырған. «Ғажап көпір» деген номер болған. Палуан көріп жасап тұрып үстіне жүк машинасын өткізген екен. 15 жасынан бастап 70 жасқа дейін күресімен әлемнің 59 еліне барып өнер көрсеткен.
ҮІІ.Үйге тапсырма беру.
Еркін жазу (эссе) «Жиб-жица күресі» әңгімесін оқығаннан кейін қалыптасқан Қажымұқан туралы пікірлерін өз сөздерімен еркін жазу.
ҮІІІ.Оқушыларды бағалау, мақақтау.
