Ц дыбысы мен әрпі

Игильманова А.Р

Махамбет жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі. Цирк.

Сабақтың мақсаты: Болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру.

Сабақтың міндеті: 1. Ц дыбысы мен әрпін таныстыру,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды меңгерту.

2. Ц дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту.

3. Хайуанаттарға деген сүйіспеншілігін арттыру,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ц дыбысының баспа,жазба түрлері,кеспе әріптер,дыбыстық белгілер,слайд

Әдіс¯тәсілдері: баяндау,ізденушілік, сұрақ­ жауап.

Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу. Таңертеңгі жиын. II. Үй тапсырмасын сұрау . Қорытындылау. а) «Түскі ас» мәтіні. ә) Щ дыбысын қайталау. III. Жаңа тақырып. ­Балалар, бүгін бізге сайқымазақ келіп отыр. Ол сырттай сендерді бақылап,қарап, қадағалап отырады.Қане барлығымыз тыныш отырып, білгенімізді ортаға салайық. а) Жұмбақ жасыру. Аяғын жерге тірей қалып, Шеңбер сызды шыр айналып. (Циркуль)

ә) «Әріптер әлеміне саяхат» кітабынан өлең оқу.

Шеттен енген тек қана Сөзді бастап мен тұрмын Мен бармын цирк,цехта да Бас әрпі мен циркульдің. б) Суретті әліппемен жұмыс . VI. Оқулықпен жұмыс. Цирк. 1. Кіріспе әңгіме. Цирк-өнердің ертеден келе жатқан өнері. Ойын –сауық көрсететін орынға тіреу-бағаналар орнатылып, оған брезент шатыр керіледі. Көшпелі цирк қаншама шағын болсада,ойын қоятын аренасы Алматыдағы ең үлкен цирктегідей, диаметрі 13 метр болады.

-Қалай ойлайсыздар не үшін?(аттар мен шабандоздар өнеріне арналады). Атақты Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақ цирк аренасында өнер көрсетті. 1919 жылы Алматыда, 1923 жылы Семейде цирк жұмыс істец бастаған. 1970 жылы тұңғыш профессионал Қазақ циркі шаңырақ көтерді.

Қазақстанда небәрі 3 цирк жұмыс істейді. Олардың бірі Алматыда,екіншісі Қарағандыда, үшіншісі Астанада.(суреттерін көрсету)

2. Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау. 3. Бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру. Сөздік жұмыс. Цирк– көтеріңкі көңіл-күй! Цех-қажеттерді жасап шығару орталығы.(кәмпит,нан,т.б.) Цемент – құрғақ, ұнтақ,тез қататын құрылыс материалы. Концерт– өнерпаздар өнерін көрсететін көрініс. Цифр– сандардын таңбасы.

Суретпен жұмыс. Цирк деген сөзде таныс емес қандай дыбыс естіледі? Ц дыбысы. Олай болса бүгінгі біздің танысатынымыз Ц дыбысы(баспа түрі). Қане хормен атып көрейікші Ц-Ц-Ц. Біз қайттік? Көзбен көрдік, құлақпен естідік,ауызбен айттық. Дауысымызды созып айта аламыз ба?(жоқ). Олай болса Ц дыбысы қандай дыбыс екен?( дауыссыз).

V.Сергіту сәті.

VI. Мәтін бойынша жұмыс. Тізбектеп оқу. Ассоциация құру.

Ой қозғау.

-Циркте болғандарыңыз бар ма? (пікірлесу)

VII. Тіл дамыту жаттығулары. Ца-ца-ца цо-цо-цо Цу-цу-цу ци-ци-ци

VIII. Дәптермен жұмыс.

а) Ц– тіл алды,жуан,қатаң,дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздермен халықаралық терминдерге тән.

Ц дыбыс сөздің басында,ортасында келеді.

ә) Ц әріпінің элементтерін анықтау,ауада көрсету.

б) тақтаға жазып көрсету(екі ырғақ, ілгекше).

в) дәптерде жазу.(бастыру көркем жазу,дыбыстық талдау).

XI. Қорытынды.

Яғни, бүгін қандай дыбыспен таныстық? (Ц)

Ц дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)

Қандай мәтін оқыдық? (Цирк)

X. Бағалау. Қуанышты хабарлама үлестіру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше