Шешенің балаларын сүюі

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы

№8 жалпы орта білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Досмағамбетова Жанаргүл Бағытқызы

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Шешенің балаларын сүюі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаяныментаныстыра отырып, берілген өлеңінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру. Ананың құдіреттілігі менқасиеті туралы дерек беру.

2.Оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын, жүйелі сөйлеуге, өзойын айта білуге баулу, шығармашылық қабілетін арттыру.

3.Қазақтың ұлы адамдарынасүйіспеншілікпен, мақтанышпен, құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу.Ананы сыйлауға құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі:

Сабақтың көрнекілігі: портрет, сызбалар ,

Сабақтың әдісі: Баяндау , талдау, түртіп алу,ой қозғау,топтастыру.

Сабақтың жүрісі :

І.Ұйымдастыру

-Амандасу .Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткенді пысықтау.

Үйге берілген тапсырма.

«Ақкөл жағасында» оқу , әңгімелеу .

Мәтінге жоспар құру.

«Бәйге» ойыны бойынша үй тапсырмасын пысықтау.

1.Оқиға қалай басталды?

2.Оқиға қалай өрбіді?

3. Ахаң балаларды кездесуге қай жерге шақырды?

4.Ахмет не туралы жұмбақ жасырды?

5.Ақкөлде қандай балықтар бар еді?

6. Зейнал не туралы жұмбақ жасырды?

7. Жұмбақтан басқа балалар тағы не айтысты?

8. Жұмбақ пен жаңылтпашты олар қайдан үйреніпті?

9. Әңгімеде қандай оқулықтың аты айтылды?

10. Бұл әңгімені автор кімнің аузынан естіген?

11. Балалар жұмбақтар, жаңылтпаштар білеміз бе?

13. Кітап оқу пайдалы ма ? Неліктен ? 3 түсіндірмесін айтып бер.

14. Егерде А. Байтұрсынов «Әліпбиді» жазбаса жағдай қалай болар еді?

15. А. Байтұрсынов кім?

16. Ол қандай газет шығарды?

ІІІ.Жаңа сабақ.

Ой түрткі.

-Шеше дегенде ойыңа ең бірінші не келеді?

-Ана туралы тақпақтар , мақалдар , жанылтпаштар білеміз бе?

1. М.Дулатов өмірбаянын тақтадағы плакаты арқылы оқушыларға түсіндіру.

Аты-жөні Туған жылы Кім? Ақын шығармашылығы

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы,қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

М. Дулатов 1885 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы Қызбел атырабында туған. Ол 2 жаста анасынан, 10 жаста әкесінен жетім қалған. М. Дулатов алғашында ауыл молдасынан хат танып, Торғайдағы 2 жылдық орыс- қазақ мектебінде білім алған. Ауыл мұғалімі деген атақ алып, ауылда бала оқытады. Ол ақын, жазушы, ағартушы ұстаз. А. Байтұрсынұлы сияқты жастарды тәрбиелеу жөнінде көп ойланып, еңбектенген. Оның

«Оян, қазақ» кітабы және « Бақытсыз Жамал» романы бар.

1.Оқулықпен жұмыс.

-Өлеңді мәнерлеп оқу.

-Әр топқа 4 шумақты бөліп беріп , өздері оқып талдап , түсініксіз сөздердің астын сызу.

2.Түртіп алу стратагиясы.

Көз жасын көлдету-қатты жылау

Кірпік қақпай – ұйықтамай

Дамылсыз- тынымсыз.

Сергіту сәті.

ІV. Сабақты қорыту.

Шығармашылық тапсырма

1.Ана туралы бес жолды өлең құрастыру.

2.Анаға хат жазу.

3.Анаға тілек жазу.

4.Ана туралы шағын шығарма жазу.

-Не үйрендік?

-Не білдік?

Үйге тапсырма : Өлеңді жаттау, ана туралы мақал –мәтелдер жазу, жаттау.

Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше