Ашық сабақ
халықаралық.
Ақтөбе қаласы
Сазды орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Үздік Мағжантанушы» зияткерлік ойын 11–класс
Кабулова Айсұлу Айтжановна
Жүргізуші: Сәлематсыздар ма, құрметті қонақтар, құрметті оқушылар!
Мектебімізде өтіп жатқан қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың апталығына орай ұйымдастырылып отырған «Үздік Мағжантанушы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! Бүгін11 «А» класының ЕҢ БІЛІМДІ, ЕҢ АҚЫЛДЫ, ЕҢ ТАПҚЫР, ЕҢ ӨНЕРЛІ оқушылары сіздердің алдарыңызда білім додасына түспекші. Ойыншыларымыз үшін қол соғып, қошемет көрсетіп қояйық!
Алдымен, өздерін таныстыру үшін сөз кезегін сайысқа қатысушы ойыншыларымызға берейік.
