Ұстаз шығармашылығы

Сунақата ауылы

№ 194 орта мектебі

Қансейтова Шолпан Икатқызы.

Ұстаз шығармашылығы

Шәкіртіме

Зымырап уақыт,

білінбей мол уақыт,

аңғармай қалғаным ба,

Нәр беріп, тер төккен,

сая боп, көктеткен

ұяңнан ұшасың ба?

Бақытты бал шағың

артта қап, жарқыным,

өмірге бет алдың ба,

Қызықтап әліппе

ақтарған сәттерің,

бәрі де көз алдымда.

Тұлымың желбіреп,

жанарың жәудіреп

жүруші ең кеше ғана,

Таралып бой өскен,

білім ап ой өскен

нұр бейнең мүлдем жаңа.

Жаңарған жарқыным,

түлеген алтыным,

қанатың қатайған ба,

Күндерің қуантқан,

тыңайтқан, мұңайтқан

бәрі де көз алдымда.

Араманы асқағым,

оң болсын қадамың

биікке самағанда,

Үкілі үмітің

қол бұлғап алдыңнан

жете бер арманыңа.

Сүрінбей сан сыннан,

сөз ерттпей артыңнан,

«адам» бол бұл жалғанда,

Асқақ боп абырой,

шыңдардан көрінсең,

ұстазда арман бар ма?!

Шәкіртіме.doc

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше