5-ке көбейту және бөлу кестесі
Алматы облысы
Ақсу ауданы
Ақсу ауылы
“Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен”коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Дайрабаева Арай Серікқазықызы
3-сынып
Cабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу кестесі.
Cабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға 5-ке көбейту және бөлу кестесін түсіндіру. Көбейту және бөлу амалдарының компоненттерімен таныстыру.
2. Оқушылардың есептеу дағдысын және логикалық ойын, қабілеттерін дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
3. Ұ қыпттылыққа және өздігінен жұмыс істей білуге баулу.
Cабақтың типі: Жаңа түсінік беру сабағы.
Сабақтың түрі:Ойын түрлері
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік іздену..
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Көрнекіліктер: АКТИВ –студио, слайдтар,
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:(3минут)
II.Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)
III.Жаңа сабақ.(30минут)
IV.Бекіту.(4минут)
V.Үйге тапсырма беру:(2минут)
VI.Бағалау (1минут)
I.Ұйымдастыру кезеңі:(3 минут)
– Оқушыларды түгелдеу.
-Балалар біздің бүгінгі математика сабағымызға ерекше.Қонақтар қатысып отыр.Қонақтарға қандай білімді екенімізді көрсетейік.
II.Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)
-Балалар біз алдыңғы сабақта 4-ке көбейту мен бөлуді өттік.
-Қане қайталап жіберейік!
4*2 4*8 4*9 4*7
4*3 4*5 4*6 4*4
III.Жаңа сабақ.(30 минут)
Орын алды Тәуелсіздік төрімнен ,
Бой жетемін бірге гүлдеп еліммен,
Елжіреймін айтылғанда Әнұран,
Үміт артам болашаққа сеніммен – балалар бұл өлең жолдары не туралы айтылған?
– Тәуелсіз Қазақстан туралы
– Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
– 20 жыл
– Тәуелсіздігімізді қай күні алдық?
– 16 желтоқсан
– Неше күн қалды?
– 5 күн қалды
– Ал ендеше балалар біздің бүгін гі өтетін тақырыбымыз « 5-ке көбейту мен бөлу кестесі»
– Астанамызда қандай ғимараттар бар ?
– Бәйтерек , Хан шатыры.
– Бәйтерекке тоқталайық:
– Бәйтерек туралы кім не біледі?
– Бүгінгі 5-ке көбейту мен бөлу кестесін жақсы меңгерсек «Бәйтерек» ғимаратының ұшар басына шықтық деп ойлауға болады.
5*2=5+5 5*6=5+5+5+5+5+5
5*3=5+5+5 5*7=5+5+5+5+5+5+5
5*4=5+5+5+5 5*8=5+5+5+5+5+5+5+5
5*5=5+5+5+5+5 5*9=5+5+5+5+5+5+5+5+5
Әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке артық.. Көбейгіш пен көбейткішті орындарынан ауыстырсақ көбейтіндінің мәні өзгермейді.
№4 5-ке бөлу кестесін құрғанда неге 5-ке көбейту кестесін пайдаланылады?
: 5
10 ?
• 5
-Ал балалар білімімізді жетілдіру үшін « Тез ойла » ойының ойнайық. .
№5Белгісіз санды тап.
30 25 6 ?
5 • ? ? • 5 ? : 5 35 : 7
-Ал тексерейік дұрыс па?
№6 тапсырманы орындау үшін мынадай ойын ойнайық « Тездет, бірақ қателеспе »
Өрнектің мәндерін тап:
`5*6 5*8 20:5
5*4 10:5 30:5
5*3 15:5
Балалар 20-жұлдызды күн бойынша бүгін денсаулық күні . Денемізді шынықтырып сергіту сәтін жасайық .
Біздер тату баламыз
Гүл-гүл жайнап жанамыз
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз
№7есепті шығарып тауықтың балапандарын түлкіден құтқарайық .
А)1қауын-5кг ә)5 ашықхат-25теңге Б)1 жапсырғыш-5 теңге
7қауын-?кг 1 ашықхат-?теңге 40теңгеге-?жапсырғыш
Балалар есепті қатесіз орындап түлкіден балапандарды қорғадық.
-Балалар біз есептерді тез ,қатессіз шығарып сабақты жақсы оқып еліміз үшін өз үлесімізді қосуымыз керек.
«Үндемес ойынын » ойнайық .
№ 9 есеп мәнін тап, мұндағы в = 1, 2, 5, 8, 9, 0
4 • 1 = 4 4 • 5 = 20 4 • 9 = 36
4 • 2 = 8 4 • 8 = 32 4 • 0 = 0
№ 1 1 қалдықпен бөлуді орында және тексер /ауызша орындау/
6 : 5 = 1 (қалд. 1) 7 : 5 = 1 (қалд. 2) 8 : 5 = 1 (қалд. 3)
11 : 5 = 2 (қалд. 1) 12 : 5 = 2 (қалд. 2) 9 : 5 = 1 (қалд. 4)
№ 12 Жұптық жұмыс
– Тапсырманы ауызша орындайық. Қандай фигуралар қиылысады? Фигуралардың қиылысуынан пайда болған фигураны ата. (шаршы). Шаршының периметрін табу. Р = …………
– Төртбұрыш пен бұрыш, дөңгелек пен қисық сызық, шаршы мен тік төртбұрыш қиылысады.
– (шаршы мен тік төртбұрыш қиылысады.) Р = 1 см + 1см + 1см + 1см = 4 см.
ІҮ . Бекіту(4 минут)
– Балалар, бүгін біз нені білдік? Не өттік?
– 5 -тің көбейту кестесін құрып, оны бөлу арқылы тексердік.
Кестені қайталау.
– «Бәйтеректің ұшар басына да шықтық десек болады.
Ү. Үйге тапсырма : № 8,10 102-бет
ҮІ. Бағалау.
