Атажұрт
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Лбішін ауылы
Қаршы мектебі
Қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі.
Бактыгулова Айнагул Мауленбаевна
Әсем әнмен шараны бастау.
Танымдық шара тақырыбы: «Атажұрт»
Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгін міне, 5 – сынып ата-аналарының қатысуымен «Атажұрт» танымдылық ойынын ұйымдастырып отырмыз. Баршаңызда «Атажұрт » ойынына қош келдіңіздер!
Мақсаты: Туған жерге ,туған өлкеге шексіз сүйіспеншіілігін аттыру барысында туған жер ұғымдарын білу ,еске сақтау. Бүгінгі «Атажұрт» танымдылық ойынында қамтылған жер-су атауларын толық түсіну. Батыс Қазақстан облысының жер-су атауларына тарихи – лингвистикалық мінездеме беру.
Көрнекілігі:БҚО-туралы,елді мекендер туралы мәліметтер слайд арқылы көрсету,кітаптар көрмесін ұйымдастыру.
Мұғалім сөзі: «Ұлы жол – өз үйіңнің табалдырығынан басталады емес пе?» Олай болса,әр ата-ана отбасында баласына өзінің өскен ауыл,қаласын, туған ұлтын сыйлауды қадірлеуді туған бауырларымен тату болуды үйретіп отырады.
Өз әке шешесін ардақтамаған,өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған,өзге ауылдың тауын қадірлемейді…
Ата-ананың сөзі –
Ақыл- кеңес көзі
Осылай балаларына үнемі ақыл – кеңес беріп отыратын, ата-аналар тобын ортаға шақырамыз.Ортаға «Ақжайық» және «Ақжол» топтары шығады. Енді осы топ мүшелерінің өз жанашырлары болады,топ мүшелерін ортаға шақырамыз.Өздерін таныстырып өтсін.
«Ақжайық» тобы: анасы Гулшат ұлы Дінмұқамет, әкесі – Мұрат, қызы -Аяжан, ,анасы – Альфия ,ұлы – Санжар, әкесі-Жеңіс, ұлы – Жандос. Анасы-Айкүміс, қызы-Ақбаян.
«Ақжол» тобы: анасы Нурия ұлы Бейбарыс, анасы-Алия, қызы-Дильназ, анасы – Жаңылсын, қызы – Айнұр, анасы – Гүлнар, ұлы – Бекжан,атасы-Қадырғали, немересі – Бексұлтан.
Ойыншыларымызбен таныстық, енді ойынымызды бастаймыз! . Ойынымызды бастамас бұрын осындай танымдық ойынға демеушілік көрсетіп, отырған ел ағалары сыныптың әкелеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Олар: Дінмұхамбеттің әкесі Еркін, Арсеннің әкесі Амангелді, Николайдың әкесі Александр, Айнұрдың әкесі Руслан сынды ағалар .
Елге елеулі еңбектен еш босамайтын,балалардың алаңсыз оқып білім алуына жағдай жасайтын қамқор әкелер құрметіне
«Ағаларым» әні орындайтын: ата – ана Бауыржан Ермекұлы. Сайысымыздың әділ бағасын есептеп отыратын, әділқазыларды сайлап алайық .Төрағасы: Оқу ісінің тәрбие жөніндегі орынбасары: Утемисов Т.Е.
Мүшелері: тәлімгер , әлеуметтік педагог, мектеп психологі.
Елді – мекен ыстықсың сен бір түрлі,
Бәрі таныс,бәрі бізге сүйкімді,
Өзен көлің жер бедерің әр түрлі,
Табиғатың болсын дәйім сүйкімді.
Ойын шартын түсіндірейін. Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Дұрыс жауабының саны көп ойыншы ойынды бастайды.
І – бөлім «Қанат қақты»
Қанат қағып, кәне ойыншылар қарайық!
Сұрақтардың тез жауабын табайық.
Сол қанатым қанаттарын қамдасын ,
Он қанаттан бұл ойынды бастайық.
1.Жайық қалашығының көне атауы. (Теке)
2.Жайық өзенінің оң жақ саласы.(Шаған)
3.Харькино – Ақжайық ауд.елді мекен қазіргі уақытта қалай ауыстырылды.(Шабдаржап)
4.Ақжайық ауд.бұрынғы атауы ,қазіргі орталығы (Чапаево)
5.Ақжайық бұрынғы Тайпақ ауд.елді мекен.Бұл «қақпа» алдындағы төбе мағынасын береді (Базартөбе)
ІІ.Сол қанаттағы топтың сұрақтары.
1.Ақжайық ауданындағы су қоймасы және елді мекен.Көшім бассейініне кіретін атау су қоймасының сыртқы пішініне байланысты қалыптасқан.(Дөңгелек)
2.Ақжайық ауд. гироним және елді мекен. Бітік су қоймасының Қабыршақты өзеніне су жіберетін тоспасы (Гидрозель)
3.Ақжайық ауд. елді мекен. Шөбінің қалың қою, бітік болып келуіне байланысты қойылған.(Бітік)
4.Орал қаласының оңтүстік батысындағы таулы қырат.Ороним осы жерде өндірілетін зат атауының негізінде қалыптасқан (Ақ бор тауы)
5.Ақжайық,бұрынғы Тайпақ ауд. елді мекен, табу сөз. Атын атауға тыйым салынғандықтан кішілер осылай атаған.(Әулиеата бейіті)
Теңестіру үшін сұрақ: Ақжайық бұрынғы Тайпақ ауд. елді мекен. Бұрынғы атауы – Антоновка қазір (Атамекен)
ІІ – Бөлім. Әділқазылар алқасынан қай топтың ұпай саны жоғары екенін анықтап, сол топ ойынды жалғастырсын.
Білім нәрін қанып ішкен самғасын!
Күлтешеден бір сұрақты таңдасын.
Келесі «Самғау» бөлімі бойынша алғашқы сұрақ мынадай:
1.Облыс орталығы саналатын қала атауы.Сол жерде орналасқан тау мен өзенге байланысты қойылған.Ол тау-Европа мен Азияны бөліп жатқан, ұзындығы 2000 шақырымға жуық биіктік.
Қосымша көмек:Жайық өзенінің сол таудағы орала ағып жатқан бір жері XІX ғасырда огиби деп аталыпты.(Орал)
2.Ақжайық бұрынғы Тайпақ ауд. елді мекен. Облыс топожүйесінде кездесетін «сарай» сөздері «елді мекен» тіпті «қала» ұғымын береді .
Қосымша көмек: мысалы: Сарайшық, Шолан сөзінің елді мекен атауы екендігін растайтын Ақшолан топонимі де бар.Ендеше қақпа алдындағы сарай деген сөзді білдіретін қандай мекен.(Базаршолан)
2. топтың сұрақтары: Ақжайық бұрынғы Тайпақ ауд. жер атауы «Маң даладағы жел,боранның өті» мағынасымен беріліп тұр. Сол жердің ерекшелігін көрсетіп тұр.
Қосымша көмек алсаңыз ойланбастан жауап бересіз. Тайпақ топонимі қазақ тілінде «Биік емес,аласа»деген мағынаға сәйкес,сол жердің ерекше белгісіне қарай қойылған. Демек бұл атау жердің физика – географиялық ерекшеліктеріне байланысты пайда болған . (Азынабай – Тайпақ)
2. Ақжайық бұрынғы Тайпақ ауд. су атауы. Бұл атау – тұқы тұқымдас балық аты.Бірақ гидроним осы балық атынан қалыптасқан деп кесіп айтуға болмайды. Қазақстанның Батыс аймағында өзен – көлдің түбі көрініп жататын.
Қосымша көмек: Махамбет ақынның атақты өлеңіндегі мына өлең жолдары да соның куәсі.
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем
Қылқаным кетпес дер едім.
Ендеше өзеннің тайыз әрі табаны құмды келетін бөлшегі. Мұндай үзіктер Жайық өзенінің бойында да кездеседі (Аққайраң)
Ұпай саны анықталады.
Көрермендерге сұрақ:
1.Теректі бұрынғы Ақжайық ауд. сор көл. Адам атына байланысты қойылған . Халық осындай көлдерді емдік бағытқа пайдаланған. Оны қасиетті жерлер қатарына қосқан . Облыс территорияларында мұндай көлдер аз емес (Әлжән сор)
2.Ақжайық ауд. елді мекен. Азамат соғысы жылдарында осы өңірде Кеңес үкіметін орнату жолында күрескен 25 – Чапаев дивезиясының комиссарының құрметіне қойылған (Батурин)
Көрермен өзін – өзі таныстырады .Жауап дұрыс болса,ұпай өзі жанкүйер болған топқа қосылады,сыйлықты өзі алады.
Ұпай саны есептеледі де,ұпайы көп топ сұрақ таңдайды.
ІІІ-бөлім: «Шарықтау»
1.Ресейдің Челябы, Орынбор облыстары мен Қазақстанның Батыс Қазақстан Атырау облыстары арқылы ағып,Каспий теңізіне құятын қазақ даласындағы ірі өзендердің бірінің атауы.
Түркі тіліндегі –көнеден жеткен баға жетпес тілдік мұра.
Қосымша көмек: «жай», «жаю», «жайылу» етістігіне –ық жұрнағының жалғануы арқылы қалыптасқан. (Жайық)
2.Зеленов,Ақжайық,Жаңақала аудандары жерімен ағатын өзен атауы.Осы аудандарды суландыру үшін пайдалынады.Ақжайық, Жаңақала аудандары бұл өзенді Қабыршақты деп атайды.
Қосымша көмек:Сібір хандығының соңғы билеушісі Көшім ханның атына қойылған.(Көшім)
Ақ Жайығым ,айдай ару мекенім,
Жыл құсындай сағынышпен жетемін
Туған жердің ажары мен айбары.
Жерұйығым , сені мақтан етемін.- деп, ақындарымыз жырлағандай «Жерұйық» бөліміне де келіп жеттік.Бұл сұраққа жауап берсе ұпай саны екі еселенеді жауап бере алмай қалса кемиді.
«Жерұйық» сұрағы: Мағынасы әркімнің туған жері –Жерұйық.
1.Ақжайық ауданындағы елді мекен.Бұл мекен –бұрынғы Чапаев поселкасының атауы. Кейін елді мекенге В.Чапаевтың аты берілген кезде бұл мекен атауы Қаршы ауылына берілді.Мекен атауы мысық тұқымдас жырқыш аң ілбісін(пантера) сөзіненС-Ш дыбыстарының алмасуы нәтижесінде қалыптасуы мүмкін.(Лбішін)
2.Ақжайық ауд. елді мекен .Төсек орынды сақтау үшін арнайы тігілген қап , ұлттық жиһаз деген ұғымды білдіреді. (Қаршы)
Шіркін, ыстық Ақжайықтың ауасы!
Келбетіне көз тоймайды қарашы!
Ата жұртын білсінші деп баласы…
Сыр шертеді ата менен анасы.-деп,
Бүгінгі «Атажұрт» танымдық ойынын аяқтаймыз.
Әділқазылар ұпай санын есептегенше әсем әнге кезек берейік.
Ән: «Өз елім» орындайтын Бауыржан Ермекұлы.
