Менің құқығым
Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев
атындағы №17 қазақ орта мектеп
құқық пәнінің мұғалімі
Көптілеуова Жанар Сазанбайқызы
Пікірталас тақырыбы: Менің құқығым
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге және саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге, құқықтық нормативтік актілерді орныдай, құрметтей білуге, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция,Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық көмек «Бала құқығы» жадынамасы.
