Төлеген Айбергенов Ана
Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тілекқабыл Бибігүл Тілекқабылқызы
Күні: Пәні :қазақ әдебиеті Сыныбы:8
Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов «Ана»
Сабақтың мақсаты: Төлеген Айбергеновтың өлең шебері,халқын сүйген адал ақын екендігі туралы тереңірек таныту,поэзияға қызығушылығын арттыру.Ананы құрметтеуге,ана сүтімен дарыған асыл қасиеттерді бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.Оқушылардың сөз байлығын,сөздік қорын байыту,еркін сөйлеуге,ауызша да,жазбаша да ойын жүйелі түрде жеткізуге баулу. Сілтеме 1)Әдістемелік нұсқаулық 2)Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №3 2011ж. №6 2012ж. 6)Интернет материалдары Күтілетін нәтижелер Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып поэзиялық шығармаларды талдау дағдылары қалыптасады.Ұлттық құндылықтарды сіңіреді.
