Жасыл шырша жанында
Тәрбие сағаты
Жасыл шырша жанында!
Әдемі безендірілген залға екі бала жүгіріп кіреді.
І.бала. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Таңырқап тұрмаңыздар
Сәнді шырша шақырады,
Шырша жырын жырлаңыздар.
ІІ.бала. Келіңіздер, келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол Жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
«Жаңа жыл» әуенімен балалар залға билеп кіреді.
Би: «Жаңа жыл»
І.жүргізуші: Ал, балалар бастайық
Жаңа ән мен жаңа жыр
Келеді міне қуанып
Думандатып Жаңа жыл
ІІ.жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда бір
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
