Жыл мезгілдері
Абдрахманова Ляззат Кенжегалиевна
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
БҚО . Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы.
Пәні: Дүниетану
Тақырыбы: Жыл мезгілдері..
Мақсаты: а) Оқушылардың бақылау дағдыларын қалыптастыру. Бақылағандарын қорытындылай білуге үйрету. Оқушылардың өмір тәжірибесіне сүйеніп, жыл мезгілдерінің басты-басты ерекшеліктерін талдай білуге жаттықтыру.
ә) Жыл мезгілдерінің ерекшелігін айтуға, ойларын толық, нақты жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге баулу.
б) Балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы шығармашылығын, іскерліктерін, көркемдік талғамын, ой – қиялын дамыту, түстердің үйлесімдігін сезінуге, әсемдікке, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Міндеті:Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже:Жыл мезгілдері, әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін білді. Оқу – іс әрекетінде бір –біріне сәттілік тілей біледі.
1. Топта ұжымдық жұмыс жасайды.
2. Өзара бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуды меңгереді
3. Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыланады.
4. Берілген тапсырманы орындауға үйренеді.
Түрі: дамытушылық сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, топпен жұмыс.
Технология.СТО Қолданылатын стратегиялар:, ой қозғау, галереяға саяхат.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, магнитті ойыншықтар, үлестірмелі топшамалар
«Галереяға саяхат» суреттері. Көрмені тамашалау. Күзгі көкөніс, жемістерден көрме.
Жапырақтар таратып, сол жапырақта бейнеленген суреттер бойынша 4 топқа бөліну.
Ескерту: Оқушыларға берген жауаптарына қарай, жеміс-көкөністер беріледі. Соңында жинаған жеміс-көкөкністеріне қарай бағаланады.
І. Қызығушылықты ояту
«Жуан-жіңішке сұрақтар» стр.
Балалар таңертең ертемен сыртқа шықтыңдар ма?
Балалар бүгін ауа-райы қандай?
Сендер мектепке қалай киініп келдіңдер?
Салқындықты қалай сезінесіңдер? Қандай мүше арқылы?
Осыдан бұрын қалай киініп едіңдер?
ІІ. Мағынаны тану
Неліктен жапырақ жасыл түске боялады? Күн сәулесінің әсерінен хлорофил деп аталатын зат пайда болады. Ол жапыраққа жасыл түс береді. Жапырақ көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады. Жапыраққа су еріген тұздар сабақ арқылы тамырдан келеді. Өсімдік бойындағы артық су буланады. Буланған жапырақ өсімдікті салқындатып тұрады.
Суретпен жұмыс
Топпен жұмыс
І топ Өлі табиғаттағы өзгеріс.
ІІ топ Өсімдіктер көрінісі.
ІІІ топ Жануарлар тіршілігіндегі өзгеріс.
Ауа райын шартты белгімен дәптерлеріне жазу
Ойын «сипап сезу»
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы суретпен жұмыс
«Көктем» суретіне қарап, оны жергілікті өз жерінің табиғатымен байланыстыру. Ұқсастықтарын ажыратып айту. «Жаз» туралы с.с.
Көктемгі күннің қалпына (көкжиектен биіктеп көтеріле бастағанын), күннің биіктеуіне байланысты жер бетіне жылылықтың мол тарайтынына оқушының көңілін аудару. Жазда күннің жер бетіне тік түсетіні жайында түсіндіру.
Ойын «Бақта бақшада»
ІІІ. Ой толғаныс
Айымгүл Меңжанова
Бұл жылдың қай мезгілі?
Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
«Қызыл қырман» ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)
Көбелек бір, гүлде бір,
Қызыл-жасыл күллі өңір.
Аспан жері ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстар базары
Жидек пісіп толады.
Бұл қай кезде болады? (Жаз)
Ойын «Мен табиғаттан нені үйрендім»
Әр топ бір жыл мезгілінің роліне енеді. «Күз» тобындағы оқушылар сол жыл мезгілінің роліне енеді. «Күз» мезгілінің табиғаты туралы айтып беру.
Мадақтау
Үйге тапсырма: Жыл мезгілдері
Сабақты аяқтау
