Абай жолы романы
Шадина Гүлдәрі Қорқытбайқызы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Бозой орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» романы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Абай жолы» романы бойынша алған білімдерін бекіту, жүйелеу, жинақтау. Абай, Құнанбай бейнесін таныта отырып, олар туралы ақиқат деректерді мәнді етіп меңгерту. Оның мәңгілік мұра екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Білімді ғылыми тұрғыда меңгерту және өз беттерінше игеру білуге дағдыландыру. Шығармашылықпен жұмыс істеу, топпен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Романның өнегелік қырын аша отырып, оқушыларды азаматтық, адамдық қасиеттерге тәрбиелеу.
