Логорифмдік функция

Аты жөні: Мусағалиева Сауле Сапиоллақызы
Күні:
Пәні: Математика
Тобы:
Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Логорифмдік функция.Логоримфдік функцияның графигі.
Құзіреттілікке жеткізілетін сабаќтың мақсат міндеттері: Ақпараттық: Білім беруді ізгілендіру, практикалық сұрақ-жауап ақпарат жинау

Коммуникативтік: . Логорифмдік функция, графигі туралы ақпарат беру.

Проблеманы шешу: Логарифмнің негізгі қасиеттерін өрнекті түрлендіруде қолдана білу

Сабақтың типі: Жаңа білімді хабарлау
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Кесте арқылы логарифмдік функцияның графигін сала білу сауаттылығын арттыру
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ- жауап.
Пәнаралық байланыс: Алгебра және анализ бастамалары.
Оќыту құралдары: оқулық, тақта
Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі: Студентің қызметі: Күтілетін нәтиже:
I. ұйымдастыру бөлімі: Студентті сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру

Студентермен амандасу,түгендеу.

өз бетімен жұмыстануға, жауапты шешім қабылдауға, өз нәтижесін бағалауға дағдыланады. Сабаққа әзірлігі, жұмысқа даярлануы
II. үй тапсырмасын тексеру: Көрсеткіштік теңдеулерді шешуге берілген есептерін тексеру,теңдеулерді шешудің тәсілдеріне тоқт алу. 1.Бірдей негізге келтіру

2.Жаңа айнымалы еңгізу

3.Графиктік тәсіл

Оқушылардын дәптерге орындаған есептерін тексеру

Тапсырманы шығруда көрсеткіштік функцияның негізгі қасиеттерін нақты есте сақтауы,машықта қолдана алуы.
III. өткен материалды ќайталау арқылы жаңа материалды ќабылдауға дайындыќ
  1. Көрсеткіштік функция

2.Көрсеткіштік функцияның қасиеттері мен графигі

Анықтама. y =, aх, a түріндегі берілген функция көрсеткіштік функция деп атайды.

Қасиеттерін ата

1.Бүкіл оң нақты сандардың жиыны

2.Нақты сандар жиыны

3.у=ах
4. Қасиеттері

1. Анықталу облысы D(f)Барлық

Нақты сандар жиыны. R

2. Мәндерінің облысы E(f)

Бүкіл оң нақты сандар R+

3.Функция жұпта,тақта емес.

4. ОХ өсімен қилыспайды, ал

ОУ өсімен (0; 1) нүктесінде қилысады.

5.ҮзіктілігіФункция барлық

анықталу облысында үзіліссіз

6. Өсуі мен кемуі a>1 өседіa<1кемиді

Аныќтамаларды, ќасиеттерді наќты есте саќтап, жатќа білуі.Көрсеткіштік функцияның қасиеттерін меңгеруі.
IV. Жаңа материалды түсіндіру Логарифм (logos — қатынас және arіthmos — сан), N санының негізі бойынша логарифмі — N санын алу үшін а саныдәрежеленетін m дәреже көрсеткіші (Логарифм негізі), бұл logaN түрінде белгіленеді. Сонымен, егер am=N болса, m=logaN. а<0 болғанда шексіз көп оң сандардың нақты логарифмі болмас еді, сондықтан да a>0 деп алынады. Логарифмдік функциялардың қасиеті бойынша, кез келген оң санның берілген негізі бойынша бір ғана нақты Логарифмі болады (теріс санның Логарифмі комплекс сан).

Логарифмнің негізгі қасиеттері:

· loga(МN)=logaМ+logaN;

· loga(M/N)=logaM–logaN;

· logaNk= =klogaN;

(яғни сандарды көбейту және бөлу Л-ін олардың Л-дерін қосу мен алуға, ал дәрежеге шығару мен түбір табу Логарифмін сол дәреже немесе түбір көрсеткішіне көбейту мен бөлуге, яғни барынша қарапайым амалдарға келтіруге мүмкіндік береді). Егер a негізі белгілі болса, анықталған Логарифм жүйесі туралы айтуға болады. Әдетте lgN түрінде белгіленетін ондық Логарифм (a=10) көбірек қолданылады. 10k (k — бүтін сан) санынан басқа рационал санның ондық Логарифмі ондық бөлшек түрінде жуықтап өрнектелетін трансцендент сан. Ондық Логарифмнің бүтін бөлігін сипаттамасы, ал бөлшек бөлігін мантиссасы деп атайды. lg(10kN)=k+lgN болғандықтан, 10k көбейткішімен ерекшеленетін сандардың ондық Логарифмінің мантиссасы бірдей, тек сипаттамалары әр түрлі болады. Логарифм кестелері осы қасиетке негізделіп жасалған, онда бүтін сандардың тек мантиссалары ғана берілген. Негізі e=2,71828… трансцендент сан болатын натурал Логарифмнің де маңызы зор; ол lnN түрінде белгіленеді. Логарифмнің бір негізінен екінші негізіне ауысу үшін logbN=logaN/logab формуласы қолданылады. 1/logab көбейткіші a негізден b негізге ауысу (өту) модулі деп аталады. Натурал Логарифмнен ондық Логарифмге немесе керісінше өту lnN=lgN/lge, lgN=lnN/ln10; 1/lge=2,30258; 1/ln10=0,43429… формулалары арқылы жүзеге асырылады.

Логарифм атауын Дж. Непер ұсынған. Логарифм ең алдымен 16 ғасырда астрономияның тез дамуымен, астрономия бақылауларды анықтай түсуге және астрономия есептеулердің күрделілене түсуіне байланысты ашылды. Алғашқы Логарифм кестелерінің авторлары геометриялық прогрессия қасиеттері мен оның мүшелерінің дәреже көрсеткіштерінен құрастырылған арифметикалық прогрессия қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті пайдаланған. Бұл тәуелділіктерді б.з.б. 3 ғасырда Архимед ішінара байқаған болатын, 1484 ж. Н.Шюке, 1544 ж. М.Штифель оларды жақсы білген. Алғашқы Логарифм кестелерін 1614 — 1619 ж. Дж.Непер мен 1620 ж. Й.Бюрги бір-біріне тәуелсіз және бір мезгілде құрастырған. Логарифмді теория тұрғыдан зерттеуде Бельгия математигі Григорий мен Л.Эйлер (1707 —1783) еңбектерінің маңызы зор.

Логарифмдік функцияның графигі

Логарифмдік функция

Логарифмдік функция — x=ey көрсеткіштік функциясына кері y=lnx функциясы. х аргументінің белгілі бір мәніне сәйкес келетін у Логарифмдік функцияның мәні х санының натурал логарифмі деп аталады. Логарифмдік функцияның негізгі қасиеттері көрсеткіштік функция мен логарифмдердің қасиеттерінен шығады. Математика анализ курсында (мұндағы x>0, а>0, ) Логарифмдік функциясы қарастырылады. Бұл функция y=lnx Логарифмдік функциямен қатынасы арқылы байланысады. Логарифмдік функциясы x>0 болғанда анықталған, бірсарынды (монотонды) (а>1 болғанда өседі, 0<а<1 болғанда кемиді), үзіліссіз және шексіз дифференциалданады. Логарифмдік функция өзінің анықталу облысындағы әрбір нүктенің маңайында дәрежелік қатарға жіктелуі мүмкін.

Алған білімдерін пысыќтауы,студенттердің математикадан теориялыќ білімдерін есте саќтауы, ќабылдауы мен түсінуі және машыќта ќолдануы.

Жаңа тақырып бойынша Логарифмдік фукцияның анықтамасын ,қасиеттерін меңгереді.

V. Жаңа білімді бекіту 1.Лагарифмдік функциямен көрсеткіштік фукцияның қасиеттерінде қандай айырмашылық бар?

2.Барлық лагарифмдік функциялардың графиктері қандай нүкте арқылы өтеді?

1.Анықталу обылысы оң сандар жиыны ал мәндер жиыны,барлы нақтар жиыны.

2. Функцияның гафигі(1;0) нүктесінен өтеді.

Наќты жауаптары, функцияның ќасиеттерін есте саќтауы.
VI. Үйге тапсырма А.Әбілқасымова

№262-264

Студенттер үй тапсырмасына берілген есептерді толық орындау, қайталау. Алған білімдерін машықта қолдануға дағдылануы.
VII. Қорытындылау Лагарифмдік функцияның графигін схема түрінде жазып көрсету. өз беттерімен білім алуға дағдыланады, ізденеді. Сабақтын өз мақсатына жетуі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше