Тәй-тәй технология негізіндегі тәрбие мен оқыту жұмыстары -жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңа ә діс-тәсілдердің маңызы
“Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай – балабақшасы
Әдіскер: Имангалиева А.Л Атырау қаласы
«Тәй-тәй» технология негізіндегі тәрбие мен оқыту жұмыстары -жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңа әдіс-тәсілдердің маңызы
Қазіргі таңда жан-жақты жетілген білімді, білікті азамат дайындау – қоғам алдындағы міндет. Ал мектепке дейінгі ұйымның негізгі міндеті баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру. Осы дағдыларды меңгертуде тәрбиеші мен ата-ана тығыз байланыста болуы керек. Ата-аналарды балабақша өміріне қатыстыру –жаңа заман жағдайында үйлесімді шешімді талап етеді. Бұл мәселені нәтижелі шешуде «Тәй- тәй» бағдарламасы жол ашады. Соростың «Тәй-тәй» технологиясы- тәрбие және оқыту процестерін ізгіліктендіруге, демократияландыруға және дараландыруға бағытталған және әр балаға бірнеше қызмет таңдауға
