Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскер інің моделі
“Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай – балабақшасы
Әдіскер: Имангалиева А.Л Атырау қаласы
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерінің моделі
Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайып кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.
Балабақша– келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдендірер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. «Аулына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы
