Сен үнемдеп білесің бе

Сабақтың тақырыбы: «Сен үнемдеп білесің бе?»

Сабақтың мақсаты: Әрбір оқушыны ойымен бөлісуге қатыстырып ,

барынша сабақ атмосферасына кіргізу

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Отбасындағы берекенің , яғни қажетті заттардың болуы отбасы кірісіне ғана емес, шаруашылықты үнемді жүргізуіне байланысты.

Есіңе түсір, мамаң немесе әжең көршілердің жалақысы аз, ал отбасылары үлкен, бірақ жақсы киінеді және жыл сайын Алматыға немесе Түркияға демалуға барады деп айтқанын қанша рет естідің. Мүмкін мәселе көршілердің ақшаны үнемдей білуінде шығар? Үй шаруасын үнемді жүргізудің құпиясы қандай? Мәселен қолда бар азық түлікке,киім мен басқа заттарға,электр қуатына, суға, газға құнтты жұмсауда.

Байқап қарасаң, үнемдеу сараңдық емес. Отбасындағы үнемділік бұл тауарға кететін ақшаны жақсылап есептеу, қойылған мақсатқа сәйкес жұмсау. Егер үнемдеуге кеңірек қарасақ, ақша мен азық түлікті ғана емес, жалпы барлық ресурстарды , мысалы уақытты, денсаулықты үнемдеуге болады екен.

1. Тренинг

Үнемдеу

1.Қаржы

2.Ақша

3.энергия

4.жылу

5.су

6.азық түлік

7.күш

2. Тапсырмаларда орында

Әрбір бағанадан сәйкес сөз таңдап, сөздердің тәртібін өз білгеніңше белгіле, сөздік қорыңнан керекті сөздерді қосып, анықтама жаз. Шарт: анықтама қысқа болуы тиіс, әрі түсініктің жалпылама және ең маңызды белгілерін қамту керек.

Үнемдеу-бір затты жұмсаудағы құнттылық

Шығындау

Жұмсау

Құнттау

Пайдалану

Қолдану

Қажетке жарату

Сақтау

Үнемдеу

Қорғау

Қорға жинау

Ұқыптылықпен

Құнттылықпен

Үнемді тиімді

Ұстамдылықпен

Сараңдықпен

Қалтырап

Құнтты

Сақтықпен

Ақылмен

Ақшаны

Азық түлікті

Бәтіңкені

Дәптерді

Заттарды

Электр қуатын

Қорларды

Ресурстарды

Жинақталған қорды

жылуды

Мысалы: Электр қуатын үнемді тиімді пайдалану

3. Сергіту сәті

Шаңырақ

Уық

Кереге

4. Мнемоника

Доктор

Ауырған адам

Мұғалім

Фигурист

Биші

Мысық

Жылқы

4. Экономикалық көрініс

бұл біздің Ақтауда болған жарнама сурет бильборд.

Осы суреттің экономикаға қатысы бар ма?

Қатысы болса дәлелдеңіз?

Осы сурет туралы өз ойларыңызды ортаға саламыз.

5. Қызықты экономикалық есеп тер

Педагогикалық кеңеске 40 қатал мұғалім жиналып, 5 сыныптың бір оқушысына кезек- кезек ұрса бастады. Әрбір мұғалім оған 12 минут ұрысты. Мұғалімдердің барлығы қанша минут ұрысты? Қалай ойлайсың, мұғалімдер тұрғысынан, педагогикалық кеңеске кеткен уақыт пайдалы , пайдасыз, ұнамсыз жұмсалды ма?

Шешімі 40*12=480 мин пайдасыз

Сабақты қорытындылай келгенде мен өз сабағымда өрлеу үрдісі бойынша 7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. Қазіргі таңда «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы әлемдік тәжірибе негізінде жүзеге асырылуда. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оның дамыту жолдарын, жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді.

Жаңаша оқыту үрдісінде әрбір оқушымен пікір алмаса отырып, сабақ үстінде болып жатқан тақырыптарға байланысты дискуссияларға әрбір оқушыны ойымен бөлісуге қатыстырып , барынша сабақ атмосферасына кіргізу.Тәжірибе ретінде қолданғаным мнемоника, диалог модулі бойынша, жарнама суретін көрсетуде, шығармашылық қабілетін дамыту.

үнемдеу.doc

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше