Гимнастика саптық жаттығулар
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы
«Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Таңжаров Махмут Нұрадуллаұлы
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика саптық жаттығулар
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау (Б) алға, артқа домалауды жетілдіру. 2. Денсаулық сақтау: Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту. 3. Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемесін дұрыс орындау, тәртіпке тарту. Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, гиманстикалық маттар, секіртпе.
Өткізілетін орны: Спортзал Сабақ барысы
1. Кіріспе бөлімі Сапқа тұрғызу. Рапорт тапсыртқызу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы жаттығулар: Оңға, солға айналып бұрылу. Секіріп бұрылу. Жүру: Аяқтың ұшымен, өкшемен, Аяқтың ішкі, сыртқы жағымен. Отырып, жартылай отырып жүру. Назар аудару жаттығулары: – жүріс – жүгіріс – 360 градусқа айналып жүру Спорт жүрісі Жүгіру: – Түзу аяқты алға көтеріп жұгіру. – Түзу аяқты артқа лақтырып жүгіру. – Түзу аяқты жан – жаққа лақтырып жүгіру. – Он жағымен жүгіру – Сол жағымен жүгіру. – Теріс қарап жүгіру. Жалпы дамыту жаттығуларын жүрісте жасау: – Ж. Б: Қол құлыпта. 1 – 4 қолды оң жаққа айналдыру 1 – 4 қолды сол жаққа айналдыру – Ж. Б: Қол құлыпта. 13. құлыпта ашпай алға жіберу.
14. Ж. Б. 15. – 1 16. Ж. Б. – Ж. Б: Қол иықта. 1 – 4 алға айналдыру. 1 – 4 артқа айналдыру. – Ж. Б: Оң қолды көтеру. 1, 2 қолды артқа сермеу 3, 4: қолды ауыстырып артқа сермеу. – Ж. Б: Қолды жан – жаққа жіберу. 1, 2: қолдың ұшін айналдыру. 3, 4: шынтақты айналдыру 5, 6: қолды алға айналдыру 7 – 8 қолды артқа айналдыру – Ж. Б: Қолды бүгіп кеуденің алдында ұстау. 1, 2: қолды артка жіберу. 3, 4: қолды түзетіп артка жіберу. Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау: – Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде. 1 – 4 басты оң жаққа айналдыру. 1 – 4 басты сол жаққа айналдыру. – Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде. 1, 2 денені оң жаққа бұру. 3, 4 денені сол жаққа бұру. – Ж. Б: Аяқты аласа ашып қол белде. 1 – оң аяққа еңкею. 2 – ортаға еңкею. 3 – сол аяққа еңкею. 4 – Ж. Б. – Ж. Б: Аяқты ашып матта отыру. 1 – қолмен оң аяқтың бақайын тигізу. 2 – қолды алға жіберу. 3 – қолмен сол аяқтың бақайын тигізу. 4 – Ж. Б. – Ж. Б: Арқада жатып, қолдар жан – жақта. 1 – сол аяқпен оң қолды тигізу. 2 – Ж. Б: 3 – оң аяқпен сол қолды тигізу. 4 – Ж. Б. – Ж. Б: Ет бетінен жатып, қолдар жан – жақта. 1 – сол аяқпен оң қолды тигізу. 2 – Ж. Б: 3 – оң аяқпен сол қолды тигізу. 4 – Ж. Б. – Ж. Б: Н. Т. 1 – 4: оң аяқта секіру. 1 – 4: сол аяқта секіру. 1 – 4: екі аяқта секіру.
2. Негізгі бөлім Оқушыларды саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау (Б): Бір орында. – Бір қатардан екі қатарға тұру. – Екі қатардан бір қатарға тұру. – Бір қатардан үш қатарға тұрып, қайта бір қатарға тұру. Жүрісте: – Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру. – Бір колонадан ортадан үш колонамен жүру. – Бір – колонадан ортадан төрт колонамен жүру. Содан соң екі, үш, төрт колонадан бір колонаға шығу. Алға, артқа домалауды жетілдіру. Келтіру жаттығуларды жасау: – Басқа тіреніп, оңға және солға айналдыру. – Қолмен аяқты жинап, арқаны дөңгелетіп «лодочка» жаттығуды жасау. – Алға жинақталып домалау. – Артқа жинақталып домалау. Секіртпемен ойындар. 3. Қорытынды бөлім 1. Сапқа тұрғызу. 2. Сабақтың қорытындысын жасап бағалау. 3. Ұйымдастырып қайтару.
