МИФ әлеміне саяхат
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы
«Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Қуатбаева Жанат Орынбайханқызы
Тақырыбы: «МИФ әлеміне саяхат» Мақсаты:
1. Физика, математика және информатика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру, ең дарынды оқушыларды анықтау.
2. Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың мақсатқа жету барысында жакуапкершіліктерін жетілдіру, жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық ойын
Көрнекілігі: тапсырма парақтары
Жүргізуші:
Ойын толқын жатқандай асып — тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып.
Ойының құрылымы:
** «Танысу» кезеңі
** «Қас – қағым сәт»
** «Ғажайып үштік»
** «Логика»
** «Шебер қолдар» ойыны
** «Кім білгір» ойыны
** «Қызықты жұмбақтар»
** «Мақал –мәтілдер жалғасын тап»
** Қорытынды
Жүргізуші:
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «МИФ» әлеміне саяхат атты ойын сабағымызға қош келдіңіздер. Сайысымыз үш топ білімдерін көрсету арқылы, дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өтеді.
Уа, жарандар, жарандар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Ғылымдардың ғылымы
Математика, физика, информатика жайында
Ойынымызды бастаймыз
1 – оқушы
Азаматтық ақыл-кенін ашқандар
Архимед, Ньютон мен Паскальдар
Сусындаған өзің сынды ұстаздан
Ізі мәңгі өшпейтұғын дастандар
2-оқушы
Информатика әлемі
Қызығы мол әдемі
Компьютердей құралды
Меңгердік міне біз енді
3- оқушы
Бүгінде МИФ барлық жерде
Құрылысты, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер
Достар, зерделікпен меңгеріңдер
Әділқазылар алқасы:
