Сәрсенбаева Динагүл
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
география және биология пәндерінің мұғалімі
Сабақ тақырыбы: «Үлкен ми сыңарларының қыртысы»
Мақсаты: Үлкен ми сыңарлары қыртысының құрылысын ми бөліктері құрылысымен салыстыра отырып, әр бөлігінің маңызы мен атқаратын қызметін толық етіп түсіндіру.
Білімдік міндеті: Жүлгелер, иірімдер, аймақ және ми сұлықтығы туралы тереңірек түсіндіру. Қызметтеріне жеке тоқталу.
Дамытушылық міндеті: Үлкен ми сыңарлары қыртысының негізгі аймақтары мен ми бөліктері және нейронның құрылысын, мидың дамуына адамның өскен ортасының маңызы туралы тереңірек түсіндіріп, қосымша материалдарды пайдалана отырып, білімдерін дамыту.