Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәр бие беру жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары.
Аюпова Әдина Сапарқызы
№9 Құлыншақ балабақшасының
І санатты әдіскері
Атырау облысы, Исатай ауданы
Тұщықұдық селосы.
Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тірішілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғат пен арадағы тепе- теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара.
Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) «Адам және биосфера» деп аталатын бағдарламаны қабылдаудан басталады. Осыған орай, қоғам өміріндегі ең басты міндеттердің бірі – табиғатты қорғау мәселелерімен, яғни жас ұрпақты экологиялық білім мен тәрбие негізінде қаруландыру
