Математика – өмір сүру формуласы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
Благодар орта мектебінің
математика пәні мұғалімі
Мынбаева Гулжайна Табылдиевна
Тақырыбы: «Математика – өмір сүру формуласы» атты интеллектуалды ойыны.
Мақсаты: 1) оқушылардың математика пәніне дегенқызығушылығын арттыру;
2) логикалық ойлау қабілеттерін анықтау, есте сақтау, шапшаңдық, байқағыштық қабілеттерін дамыту;
3) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Түрі: сайыс сабақ.
Сабақта қолданылатын құралдар: мультимедиялық экран, кеспе қағаздар, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер, плакат, т.б.
Барысы:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты,
Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса.
Омар-Хаям, Әл-Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді,
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса, – дей отырып, бүгінгі «Математика – өмір сүру формуласы» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер.
Өмір сүру тетігі математика формуласынан қаланған,-дегендей өмір де өлең секілді ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді. Демек өмір ағымы – бізге қояр талап. Сол сияқты халыққа қызмет етер ғимараттарды заман ағымына сай әр түрлі пішінді тұрғызу да математиканы қажет етеді. Ал бұл дамыған жүйе көңілді жақсартады, өмірді жаңартады. Сондықтан да «Математика – өмір сүру формуласы».
Ендеше бүгінгі ойынымызға қатысатын оқушыларымызбен таныстырып өтейін:
9 «А» класс оқушыларынан құралған «Евклид» тобы,
9 «Ә» класс оқушыларынан құралған «Архимед» тобы.
Ойынымыздың жоспары:
1. Топ таныстыруы. (3мин)
2. «Үшбұрыштар әлемінде». (5мин+2мин)
3. «Ойымды жалғастыр».
4. «Формулалар сыры». (2мин)
5. Газет шығару. (3мин)
6. Логикалық есептер.
7. «Қас қағым сәт». (3мин)
8. «Кім көп біледі?».
Ойыншыларымыздың білімін бағалайтын әзілқазы мүшелерімен таныстырып өтсек,
1. Математика пәнінің мұғалімі:
