Бақытты сәт ойыны

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мынбаева Гулжайна Табылдиевна
Сабақтың тақырыбы:
« Бақытты сәт » ойыны.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математика пәні бойынша алған білімдерін байқау, іскерліктерін, логикалық ойлауын дамыту, математикалық мәдениеттілігін, сауаттылығын қалыптастыру; Оқушылардың математика пәніне деген ынта-ықыласының тұрақты болуын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: ойын «Миллион кімге бұйырады?» ойынының желісімен өткізіледі.

Сабақ барысында сұрақтар және олардың жауаптары экран арқылы көрсетіледі.

Сабақтың жұүру барысы:

І. Ойынға қатысушылармен таныстыру.

Ойынға қатысушылар: 8 «Ә» класс оқушылары:

1. Үмбетова Назкен

2. Қуандықова Шынар

3. Жаңабаева Жарқынай

4. Оралбаев Сейдолла

5. Жұбаниязов Қонысбек

6. Махамбетов Жақсыбек

ІІ. Ойын шартымен таныстыру.

Ойынның шарты: 1 сұрақ – 1 000 ұпай. 2 сұрақ – 2 000 ұпай. 3 сұрақ – 3 000 ұпай. 4 сұрақ – 4 000 ұпай. 5 сұрақ – 5 000 ұпай. 6 сұрақ – 6 000 ұпай. 7 сұрақ – 7 000 ұпай. 8 сұрақ – 8 000 ұпай. 9 сұрақ – 9 000 ұпай. 10 сұрақ – 10 000 ұпай.

3 сұрақтың ұпайлары күймейді. 4сұрақ–4000ұпай, 7сұрақ-7000ұпай, 10сұрақ-10000ұпай.

Ойыншының 3 жеңілдігі бар: 50 де 50, досына телефон шалу, залдың көмегі.

ІІІ. Ойыншыны таңдау.

Ойыншыны таңдау үшін оқушыларға сұрақ беріледі. Дұрыс жауап берген оқушы ойыншы орындығына отырады.

1-ойыншыны таңдау сұрағы:

Ұзындық өлшем бірліктерін кішісінен үлкеніне қарай орналастыр:

А) сантиметр В) метр С) дециметр Д) миллиметр

Жауабы: Д) миллиметр А) сантиметр С) дециметр В) метр

1-ойыншының сұрақтары:

1. Төмендегі сандардың қайсысы жай сан?

А) 15 В) 9 С) 13 Д) 121

2. 12 және 24 сандарының ЕҮОБ-і:

А) 6 В) 4 С) 12 Д) 24

3. (a+b)2формуласын ашып көрсет.

А) a2+b2В) a2+2ab+b2 С) a2-2ab+b2 Д) a2-b2

4. 625 санының арифметикалық квадрат түбірін тап.

А) 15 В) 25 С) 35 Д) -25

5. 22 санының квадратын тап.

А) 484 В) 444 С) 424 Д) 464

6. ax2+bx+c=0 теңдеуіндегі дискриминант неге тең?

А) b-4ac В) b2-4a С) b2-4ac Д) b2+4ac

7. y=x2+5x+6 функциясының графигі:

А) парабола В) түзу С) гипербола Д) шеңбер

8. tg450 неге тең?

А) -1 В) 0,5 С) -0,5 Д) 1

9. 200 санының 40 %-і неге тең?

А) 80 В) 20 С) 40 Д) 100

10. Математикаға координаттар жүйесін енгізген ғалым:

А) Виет В) Архимед С) Пифагор Д) Р. Декарт

2-ойыншыны таңдау сұрағы:

Сандар жиынын өсу ретімен жаз.

А) рационал В) бүтін С) нақты Д) натурал

Жауабы: Д) натурал В) бүтін А) рационал С) нақты

2-ойыншының сұрақтары:

1. Катет қандай үшбұрышта болады?

А) тікбұрышты В) теңбүйірлі С) сүйірбұрышты Д) теңқабырғалы

2. 9-ға кері сан:

А) – 9 В) 3 С) -1/9 Д) 1/9

3. ax2+bx+c=0 теңдеуіндегі D=0 болғанда теңдеудің неше түбірі болады?

А) 3 В) 1 С) 4 Д) 2

4. a2+b2=c2 кімнің теоремасы? (a,b,c-тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары.)

А) Архимед В) Виет С) Пифагор Д) Әл-Фараби

5. Барлық қабырғалары тең параллелограмм:

А) квадрат В) ромб С) тіктөртбұрыш Д) трапеция

6. Қабырғасы 5 см болатын квадраттың ауданы неге тең?

А) 20 В) 25 С) 10 Д) 5

7. АВС-тікбұрышты үшбұрыш. Гипотенузасы-5см, бір катеті-4см. Екінші катетін тап.

А) 9см В) 4см С) 1см Д) 3см

8. y=x2+3 функциясының графигі y=x2 графигінен қалай орналасады?

А) Оу осі бойымен 3 бірлікке жоғары

В) Оу осі бойымен 3 бірлікке төмен

С) Ох осі бойымен 3 бірлікке оңға

Д) Ох осі бойымен 3 бірлікке солға

9. 2 қарбыз 26 теңге тұрады. 5 қарбыз қанша тұрады?

А) 26 теңге В) 65 теңге С) 130 теңге Д) 260 теңге

10. ax4+bx2+c=0 теңдеуі қалай аталады?

А) биквадрат теңдеу В) квадрат теңдеу

С) келтірілген квадрат теңдеу Д) толымсыз квадрат теңдеу

3-ойыншыны таңдау сұрағы:

Масса өлшем бірліктерін үлкенінен кішісіне қарай орналастыр:

А) тонна В) грамм С) килограмм Д) центнер

Жауабы: А) тонна Д) центнер С) килограмм В) грамм

3-ойыншының сұрақтары:

1. Квадрат теңдеуді көрсет:

А) x2+3x-4=0 В) x3+2x=0 С) x(x2+4x+3)=0 Д) x(x-3)=0

2. Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлімі:

А) стереометрия В) планиметрия С) тригонометрия Д) арифметика

3. ax2+bx+c=0 теңдеуінде b=0 немесе c=0 немесе b=0, c=0 болғанда теңдеу қалай аталады?

А) келтірілген квадрат теңдеу В) толымсыз квадрат теңдеу

С) квадрат теңдеу Д) сызықтық теңдеу

4. x2+px+q=0 теңдеуіндегі x1* x2=q, x1+x2=p. Кімнің теоремасы?

А) Архимед В) Пифагор С) Әл-Фараби Д) Виет

5. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық тұжырым:

А) анықтама В) теорема С) аксиома Д) салдар

6. Градустық өлшемі 900-тан үлкен 1800-тан кіші бұрыш:

А) сүйір бұрыш В) жазыңқы бұрыш С) тік бұрыш Д) доғал бұрыш

7. Екі санның көбейтіндісі-15, қосындысы-8, айырмасы-2. Бұл қандай сандар?

А) -5 пен 3 В) 5 пен 3 С) 5 пен -3 Д) -5 пен -3

8. Жанұяда 4 ұл және әр ұлдың 1 әпкесі бар. Жанұяда қанша бала бар?

А) 4 В) 5 С) 3 Д) 8

9. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы:

А) 3600 В) 1800 С) 1200 Д) 1500

10. 500 санының ¾ бөлігі неге тең?

А) 375 В) 125 С) 250 Д) 325

ІV. Қорытындылау.

Жеңімпаз оқушыларды марапаттау.

бакытты сат.ppt

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше