Бисер тарауына қорытынды
Әбуова Жанар.Әлменқызы.
Атырау облысы. Қызылқоға ауданы Миялы селосы.
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі.
Сабақ үлгісі
Сабақтың тақырыбы: Бисер тарауына қорытынды
Сабақтың мақсаты: Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, өнерді эстетикалық талғаммен қаблдауға үйрету.
Білімділігі: Оқушылардың бисер өнері туралы алған білімдерін жүйелеу.
Дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелілігі: оқушыларды талғампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеп, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.
Сабақ түрі: қорытынды сабақ
Сабақ әдісі: ақпараттық технологиямен жұмыс, іздену, түсіндіру,көрсету,тест жұмысы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта,слайд,су моншақпен жасалған бұйымдар көрмесі.
