Жапсырмалау арқылы ою- өрнекті орындау
Әбуова Ажар Әлменқызы
Атырау қаласы. №34 лингвистикалық мектеп-гимназия мектебінде технология пәнінің
мұғалімі.
Сабақ үлгісі.
Сабақтың тақырыбы: Жапсырмалау арқылы ою- өрнекті орындау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жапсырмалау өнерінің технологиясымен таныстыру.
Білімділігі: Жапсырмалау өнерінің түрлерін және жапсыру технологиясын түсіндіру
Дамытушылығы: Оқушыларды жапсырмалау, қиыстыру тәсілі арқылы ойылған ою- өрнектерді матаға жапсыру арқылы бұйымдарды әсемдеуге үйрету, шеберліктерін шыңдау, эстетикалық талғамын, ой-қиялын дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды үнемділік пен ұқыптылыққа баулу, әсемділікті сүйе білуге тәрбиелеу, ою-өрнекті бұйымға үйлесімді, қонымды етіп пайдалана білуге, талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
