Желтоксан желі ызғарлы
Әбуова Ажар Әлменқызы
Атырау қаласы. №34 лингвистикалық мектеп-гимназия мектебінде
технология пәнінің мұғалімі.
Желтоксан желі ызғарлы
Жоспар.
1Тарихқа шолу
2Тәуелсіздік жолында.
3Желтоқсан жұлдыздары.
4.Тәуелсіз Қазақстан.
Оқушылар ҚР ӘНҰРАНЫН ХОРМЕН ОРЫНДАЙДЫ.
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен оқушылар !
Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген,тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «Желтоқсан желі ызғарлы » атты тәрбие сағатымызды өткізбекпіз. 1986 жылы 16 желтоқсанында қазақ елінің тәуелсіздігі үшін солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұл-қыздарымыз жайлы сыр шертпекпіз. ОЛ оқиғаны ешбір азаматы ұмытуға тиіс емеспіз.
