4 cанын қосу кестесі
Атырау қаласы, №4 Ю.А.Гагарин
атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тастурова Нурсулу
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы : 4 cанын қосу кестесі.
Жалпы мақсаты: 4 санын қосу және азайту тәсілдері жайлы білімдерін бекіту.
4-ті қосу кестесін құрастыру.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Ойшылдыққа, тиянақтылыққа,ынтымақтастыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері:
Жеке, топта ынтымақтаса жұмыс істеуге үйренеді.
4-ке қосу кестесін меңгереді.
Түйінді идеялар: Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық. (2мин)
Біз бақытты баламыз,
Биікке қанат қағамыз.
Болашаққа талпынып,
Оттай лаулап жанамыз.
Үй тапсырмасын сұрау.(5 мин)
№4-есеп, 112-бет.
1) 4см+3см=7cм 6см<7cм
2) Cұрақ-жауап.(2 мин)
Топқа бөлу.(2 мин)
Геометриялық фигуралар арқылы 4 топқа бөлемін.
Жаңа білімді игеру.
Оқулықпен жұмыс.
№1-есеп. 4 санын қосу және азайту кестесін құру.(5 мин)
Жазу, оқу.
Топтық жұмыс. (4 мин)
№2-есеп. Әр топқа кесте сызылған парақшаларды толтыру үшін таратып беру.
Сергіту сәті. Қоян биі.(2 мин)
Тақтамен жұмыс.
№4-есеп. Мазмұнды есепті шығару. (10 мин)
Есеп мазмұнын оқыту, түсіндіру, талдау.
Шарты;
Сапар-10дәптер
Ақан-?дәптер кем
Шешуі: 10-4=6
Жауабы: Ақан 6 дәптер сатып алды.
Ойлан, тап.
9-?< 8 ? 1
Математикалық жұмбақтар шешу. (3мин)
Қорытындылау.(2 мин)
-Біз не үйрендік?
Үйге тапсырма.(2 мин)
№3 –есеп, 113-бет.
Бағалау, мадақтау.(2 мин)
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды марапаттау.
Жинақтау,рефлексия. (1 мин)
Оқушылар стикерге бүгінгі сабақ жөнінде өз ойларын жазады.
