Мейірімі мол әже
Саулебаева Гүлмира Төлепқызы (аға тәлімгер).
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз селосы.
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі.
Мейірімі мол әже
(немерелері мен әжелер сайысы)
Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Алғашқы сөзімді аналардың анасы әжелерге, асыл аналарға арнаймын. АНА! Не деген мейірлі, не деген шапағат сөз еді.
АНА дейміз бәріміз де аңқылдап,
АНА дейді жас сәбиде жарқылдап.
АНА деген – бәйтерегі өмірдің,
АНА деген – алтын қазақ, алтын бақ.
АНА деген – асыл жандай болаттай,
АНА деген – мөлдір жандай бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай
