Өнерлі қыз, өнегелі жеңге жеңгелер мен арулар са йысы
«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» жеңгелер мен арулар сайысы
Мусина Айнагуль Нагашбаевна
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы,
№5 мектеп-гимназиясының
биология пәнінің мұғалімі
1-жүргізуші: Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
2-жүргізуші: Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, қыз-келіншектер және көрермендер! Сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.
