Биология пәнінен дарынды оқушыларды оқытудың әд істері мен әдістемесі
Мусина Айнагуль Нагашбаевна
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы,
№5 мектеп-гимназиясының
биология пәнінің мұғалімі
Биология пәнінен дарынды оқушыларды оқытудың әдістері мен әдістемесі
Балалардың ішкі рухани өмірін,
әсіресе,олардың ойлауын зерттеу мұғалімнің
аса маңызды міндетінің бірі болып табылады.
В.А.Сухомлинский
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жан-жақты тұрғыдан қарастырған жөн. Көп психологтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін мынадай негізгі функцияларды өлшеп, зерттеу қажет екенін айтады: ой, зейін, ерік, қабылдау, есте сақтау. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамыған шағында нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеуге болады.
