Тамыр және тамыр жүйесі
«Тамыр және тамыр жүйесі»
тақырыбында бекіту сабақ
Мусина А.Н. Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы,
№5 мектеп – гимназиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын , түрлерін , маңызын түсіндіріп , тамыр өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі жайында білімдерін нығайту, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан-жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылық: Тамырдың түрлері мен маңызын оқыта келе,өсімдіктер дүниесін дұрыс бағалауға және өздігінен тұжырымдай білуге , саралауға, талдауға,ой ұшқырлығының дамыту.
Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға,еңбектенуге, тиянақтылыққа,қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
