Ж. Әбдірашев. Алматы – бас қалам, Жас қала – Астан ам
СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы, Возвышенка
орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Серекеева Бадиша Темірғалиқызы
Сабактың тақырыбы: Ж. Әбдірашев. Алматы – бас қалам, Жас қала – Астанам.
Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Астананың көрікті орындарымен таныстыру;
Сабақтың міндеттері:
1.Білімдік: ел жер білу арқылы әсемдікті түсінүге, оқушының шындыққа көзқарасын қалыптастыруға жағдай жасау. Сөз таптары туралы алған білімдерін қайталау тиянақтау.
2) Дамытушылық: оқущылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, тілдерін дамыту.
3) Тәрбиелік: патриоттық, отаншылдық тәрбие беру, эстетикалық көзқарасының қалыптасуына әсер ету.
Сабақтың көрнекілігі :.интерактивтік такта, фотоколлаж «Жас қала – Астанам», Астананың көрікті жерлерінің суреттері, карточкалар, портрет, «Ғажайып» ағаш.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Бағдарлама
• Әдепті болсаң, амандас. (Сәлемдесу)
• Өнерлі болсаң, ән сап көр. (Ән айту) «Ана тілі» әні
• Тапқыр болсаң, шешіп көр. (Сөзжұмбақ)
• Білімді болсаң, оқып көр. (Мәнерлеп оқу)
• Ойлы болсаң, тауып көр. (жЖаттығулар)
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Ж. Әбдірашев. Алматы – бас қалам, Жас қала – Астанам. (Мәнерлеп оқу)
Сөзжұмбақ шешу (Астана)
1. Қарт Алатауды автор кім дейді?
2. Ақын Алматыны қандай қала деп атайды?
3. Елге несі бар қала жарасады дейді?
4. Алашаны еске түсіретін қай өлке?
5. Астана қандай даланың сәні?
6. Сарыарқа қазақтың несі бар дейді?
III. Білімді тиянақтау
1. Дәптермен жұмыс (көркем жазу) – Астана, Есіл. Дыбыстық талдау жасау.
2. Саяхат
– «Бәйтерек» – гид Мусина Алтынай
• «Астана-Бәйтерек» монументі – темірден, шыныдан және бетоннан жасалған бірегей сәулеттік ғимарат, оның көлемі таң қаларлықтай үлкен: 105 метрлі биіктіктегі метал құрылысы, салмағы 1000 тоннадан артық . Дүниежүзінде тұңғыш рет, күн көзінің шағылысынан түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» әйнегінен 22 метр диаметрмен және 300 тонна салмағымен шар 97 метр биіктікке көтерілді. «Астана-Бәйтерек» монументі бейнелейтін негізгі ой – бұл Әлем Ағашы.
• «Бәйтерек» – өмір ағашы дегенді білдіреді. Жас елордамызда бой көтерген «Астана-Бәйтерек» монументі, сәулет жаңаруының символы және Астана символы, Қазақстан символы.
• Тоқсан жеті метрлік биіктікте, Қазақстан жаңа тарихының жылнамасы басталады. Бұл жерде осы елдің тұрғындарына тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылықа деген ниеті көрінетін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің оң алақанының бедерлемесі «Аялы Алақан» бар.
«Құс ұшатын» биіктіктен, көшелер мен алаңдарды және қарқынды құрылыстардың таң қаларлық бейнесін көруге болады. Шыны шарда орналасқан көрініс лифтілері, жарықта кең қарау залдары арқылы бейнеленетін көріністі, алақанға алуға болатындай көрінеді. Осы жерде жас елорданың барлық жаңа мәдени-әкімшілік орталықтарының макетін көруге болады.
• – Айбектің ағасы Нұрбек Астанада оқиды. Жаңа жылда ол ауылға келді. Айбек ағасынан Астанадағы “Бәйтерек” туралы сұрады. Нұрбек інісінің сұрағына жауап берді:
• -” Бәйтерек” өте биік, оның ұзындығы тоқсан жеті метр. Оның жоғары жағына шықсаң, бүкіл қаланың көз жетер аумағы анық көрінеді. “Бәйтеректің” ұшар басына жедел сатымен және жай баспалдақпен көтерілуге болады. Ұшындағы дөңгелек үйдің іші кең. Сонда тұрып айналаға қарағанда, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернейді.
Мәтіндегі сызылған сөздер қай сөз табына жатады?
– Зат есім, етістік, сын есім, сан есім дегеніміз не?
3. Бәйтерек сөзін септеп жазыңдар.
А.с бәйтерек
І. с бәйтеректің
Б.с бәйтерекке
Т.с бәйтеректі
Ж.с бәйтеректе
Ш.с бәйтеректен
К.с бәйтерекпен
4. «Ақ-Орда» Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Гид Искакова А.
Резиденция – мемелкет, үкімет басшысының сондай-ақ ірі мемлекеттік әкімшілік қызметтегі тұлағалардың мекені келген жері.
• Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 шаршы м.
• Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.
• Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 шаршы м құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан.
• Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан.
• Үшінші қабатта:
• киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы;
• сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы;
• кездесулерге арналған «Алтын» зал;
• камин залы;
• қызметтік орынжайлар залдары орналасқан.
• Төртінші қабатта:
• қызметтік орынжайлар залдары;
• кітапхана;
• кіші Шығыс залы орналасқан.
• Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген.
• Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған.
– Зат есімнің жіктелуі туралы не білесіңдер?
3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.
• Нұрсұлтан Назарбаев – президент. Сен оқушысың. Мен мұғаліммін.
• Сөйлем мүшесіне талда. Оқушысың, мұғаліммін сөздерін жекеше, көпше түрде жіктеп жаз.
Сергіту сәті Ән «Жадырап күндей» (Құрмет, Алтынай)
5. «Думан»ойын-сауық орталығы. Ән «Жадырап күндей» (Құрмет, Алтынай)
Гид Траспаева Б.
• “Думан” ойын-сауық орталығы балалардың сүйікті орны. Мұндағы «Мұхит аралында» 3 миллион литр су бар. Қалыңдығы 7 см акрил шынысынан жасалған. 70 м дәліз бен түрлі мөлшердегі 11 аквариумнан тұратын екі үлкен көрме аумағындағы түрлі-түрлі балықтардың тіршіліктеріне жақыннан қарауға болады.
• Бас аквариумда ең ірі тұрғындары – акулалар, алабұғалар т.б. балықтар тіршілік етуде.
4-жаттығу. Етістіктердің астын сыз, қай шақ екенін жаз.
• Мысық акулалар жұмыртқа басады. Астанаға келгелі бірнеше ұрпақтары дүниеге келді. Бүгінде олардың саны отызға жетіп отыр.
– Келді деген етістікті жекеше, көпше түрде жіктеу
6. «Хан Шатыр» Гид Темергалиева К.
• 2010 ж ашылған. Әлемдегі ең үлкен шатыр
• «Хан Шатырдың» биіктігі 150 м, ауданы 127 мың шаршы м. Ойын-сауық орталығы жобасының авторы танымал британ сәулетшісі Норман Фостер.
• Есілдің сол жағалауына орасан зор ұшатын табақша келіп қонды. Ол беймәлім ұшатын табақшалар сияқты осы заманғы суперматериалдардан, жаңа технологиялар пайдаланыла отырып, салынды. «Ғарыштық нысанның» Қазақстан Тәуелсіздігі күнінде сыры ашылды. Ол Астанадағы жаңа цирк ғимараты болып шықты. Қалалықтар үшін жаңа цирк ғимараты демалатын сүйікті орынға айналды. Айналаны нұрға бөлеген түрлі-түсті жарықтарды жабдықтаушылар Еуропадан Астанаға арнайы әкелді.
• Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. 40 000 шаршы метр жайлы аумағы дәмхана, мейрамхана, кинотеатр мен дүкендерге берілген.
Фотоколлажға назар аудару . «Астана туралы жыр.» Искакова А
Презентация «Астана»
«Астана.» Мусина А..
Қорытындылау: «Ғажайып ағаш» отырғызу
– Астананың қандай көрікті жерлеріне саяхат жасадық?
– Бәйтеректің бийіктігі неше метр?
– «Хан Шатырдың» авторы кім?
– Ақ-Орда неше қабаттан тұрады?
– Зат есімнің септелуі деген не?
– Зат есімде неше септік бар?
– Етістіктің жіктелуі деген не?
– Етістіктің шақтарын ата?
Ән «Бала тілегі»
Бағалау
Үй тапсырмасы: 128 б., 420 ж.
