Қоңыр қозы

Ақмола облысы Жарқайың ауданы
Жанында интернаты бар
А.Үкібаев атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Фазылова Света Мүбаракқызы

2-апта 1-күн 3-сабақ 29.04.13
Сабақтың тақырыбы: Қоңыр қозы
Жалпы мақсат: Мұхтар Әуезовтың балалық шағымен танысады, оқу дағдысын қалыптастырады, түсініктерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйренеді.
Күтілетін нәтижелер: Мұхтардың балалық шағын әңгімелей алады;

Мәтінді қысқа әрі нақты әңгімелеп, жоспар құра алады;

Топпен және жеке жұмыс жасай алады;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Тапсырмалар: Топпен ,өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап әдісі, АКТ
Керекті жабдықтар: А-3 үлгідегі парақ қағазы,маркер,оқулық,
Сабақ барысы:
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1.«Проблеманы айқындау»кезеңі

Топтарға бөлу және ойсергек(2минут)

Оқушылар гүл түстеріне байланысты топтарға бөлінеді.Топтар өздеріне ат қойып, қағазға жазып қояды.
Үй тапсырмасын тексеру(5минут) Шоқанға жазып келген мінездеме «Сынып ішіндегі саяхат» тәсілі бойынша орындалады. · Оқушылар жұмыстарын топ ішінде оқиды.

· Осыдан кейін олар орындарын ауыстырып, басқа партаға отырып, өз жұмыстарын оқиды, басқалар тындайды.

· Жұптар бір-бірін бағалайды.

Жаңа тақырыпқа бағыттау. «Алдын ала берілген атаулар» тәсілі

М.әуезов туралы мәлімет беру.

1. Берілген сөздер арасынан байланыс іздейді, топ ішінде талқылап, жариялайды.

– Қоңыр қозы

– Абай

– Бала Мұхтар

– Бата

«Проблеманы шешу»кезеңі

«Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» тәсілі (10 минут)

Оқушылар мәтінді топ ішінде оқып, бір-біріне сұрақ қою арқылы талдайды.
«Проблеманың шешімін қолдану» кезеңі

Керекті сөздерді тақтаға жазып қояды.(Қымбатты ана, бала Мұхтар, Абай ата, алғыр, қоңыр қозы)

Бүгін біз не үйрендік?

1. «Т-кестесі» толтыру (4минут)

Абай Мұхтар

2. Топ идеясын жариялау (3минут)

3. Ата-анаға хат жазу «Біз не үйрендік?» (4 минут)

4. Топ ішінде оқып, бір оқушы жариялайды (2 минут)

5. Көркем,бейнелі сөздерді тауып дәптерге жазу.

Үй жұмысы: Мәтінді түсініп оқып, қосымша деректер жинау
Кері байланыс(1 минут)

«Ыстық орындық»

– Орынықта отырған балаға әр топ бір-бір сұрақтан қояды.
Бағалау. Оқушылар әр тапсырма сайын өздеріне гүл жинайды, сол гүлдер санына байланысты бағаланады.

Ақмола облысы Жарқайың ауданы.doc

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше