Президент болу –мәртебе
Астана қаласы № 55 орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі : Дулатхан Қарлығаш
Тақырыбы : Президент болу –мәртебе
Мақсаты: Оқушыларды президенттің ісінің қиын екенін ,көптеген іс атқаратынын түсіндіру.
Оқушыларды шығыарма жаздыра отырып , ойлау –сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ұлтшылдыққа , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Барысы: Ұйымдастыру.
Мұғалім. Құрметті оқушылар бүгін біз елбасымыздың мерекесін тойлағалы отырмыз . Себебі бүгінгі күні 1991жылы 1-желтоқсанда тұңғыш рет тарихымызда бүкіл халықтың қатысуымен Президент сайланды. Біздің президентіміз елін сүюдің арқасында Елбасы атанды. Қазақ болашағын ойлаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көптеген істер атқарып жатыр. Астанамызды жайнатып ,әлемнің әдемі қалаларының біріне айналуда. Еліміздің бас қаласы тұрғындарының жағдайы жақсарып келеді.
